Америкалықтар Қытайдың кесірінен қанша жұмыс орнынан айырылды
Америкалықтар Қытайдың кесірінен қанша жұмыс орнынан айырылды
6 жыл бұрын 2988 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі екі алып держава арасында жүріп жатқанына бірталай уақыт болған сауда соғысының түп-төркіні АҚШ-тың сауда баласындағы тапшылық пен теңсіздікте ғана жатқан жоқ, сонымен қатар, америкалықтардың басқа да әлеуметтік аспектілерде ұтылғанында жатыр. Мәселен, 2001 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі бері 2017 жылға дейін АҚШ 3,4 млн жұмыс орнынан айырылған. Бұл жайында Economic Policy Institute (EPI) баяндамасында айтылған. Осы жұмыс орындарының 74,4%-ы немесе 2,5 млн-ы өңдеуші өнеркәсіпте ашылуы керек болған. Бұл өз кезегінде бүкіл ел аумағында отандық өнімге деген сұранысты азайтқан. Әсіресе, компьютер мен электрондық өнімдер саудасына деген тапшылық артқан. Нәтижесінде бұл салада 1,2 млн жұмыс орны ашылмай қалған. Бұл көрсеткіш 2001-2017 ылдар аралығында ашылмай қалған жұмыс орындарының 36%-ын құрайды. АҚШ-тың кей аймақтарында зауыттар жабылып, жұмыссыздар қарасы артқан. Қытай экономикасы баяулап келеді, олардың экономикасы экспорттың арқасында тұр. Сауда тапшылығы жойылатын болса, жоғарғы технологиялы салаларда жұмыс орындары көптеп ашылар еді. Америкалық сарапшылардың пікірі осындай. Десе де пышақтың екі жүзі болатыны секілді, Қытай дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі бері америкалықтар арзан тауарларға қол жеткізіп, бірнеше мыңдаған қаржысын үнемдеген. (Бұл туралы кезінде жазғанбыз, естіріңізде болса - "Сауда соғысындағы америкалықтардың осал тұсы" деген атпен). Қытай дүниежүзілік сауда ұйымына енгелі, дәлірегі, 2000-2006 жылдар аралығында АҚШ-тағы өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 7,6%-ға құлдыраған болатын. Бұл тұтынушыларға тиімді еді. 

0 пікір
Мұрағат