Әлемнің қай елдері ішімдікке түпкілікті немесе ішінара тыйым салған
Әлемнің қай елдері ішімдікке түпкілікті немесе ішінара тыйым салған
2 жыл бұрын 1566 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ішімдікті тұтыну – күллі әлемнің арыла алмай келе жатқан, кеңінен тараған, денсаулыққа зиянды әдет. Ішімдікті шектен тыс тұтыну өз кезегінде жазатайым немесе оқсы оқиғаның орын алу қатерін бес есеге, ал жол-көлік апатының болу ықтималдылығын төрт есеге көтеріп жібереді. Бұл жайында islam.kz порталы Energyprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Statista бизнес платформасының келтірген дерегіне қарағанда, ішімдіктті тұтыну деңгейі жұқпалы індетке байланысты пандемия кезеңіне (2020 жыл) дейін тұрақты түрде өсіп отырды. Мәселен, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы ішімдікті тұтыну көрсеткіші 8,4%-ға төмендеген, яғни, 2020 жылы 280,8 млрд литр ішімдік тұтынылған. Кейінірек, дәлірегі, 2021 жылы бұл тарапта шамалы өсім байқалған: 0,3%-ға, яғни, 281,7 млрд литрге дейін. Содан кейін төмендеу тенденциясы қайта жалғасты: 2022 жылы әлемдік ішісдікті тұтыну деңгейі 272,1 млрд литрді құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға аз. 2012 жылдан 2019 жылға дейін алкоголді тұтыну деңгейі жыл сайын шамамен тұрақты түрде 2%-ға өсіп отырды. Бұл ретте сарапшылар биыл алкоголді тұтыну деңгейі бірден 7,5%-ға, яғни, 292,6 млрд литрге дейін, 2024 жылы тағы 3,6%-ға, яғни, 303 млрд литрге дейін, 2025 жылы 3%-ға, яғни, 312,1 млрд литрге дейін өсуі мүмкін, деп болжап отыр. Бүгінде, worldpopulationreview.com сайтының мәліметінше, 14 ел ішімдікке толық немесе ішінара тыйым салған: Бангладеш, Бруней, Үндістан, Иран, Кувейт, Ливия, Малдив аралдары, Мабритания, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сомали, Судан, Біріккен Араб Әмірлігі және Йемен. Осы аталған елдердің барлығында халықтың дені немесе өте үлкен бөлігін мұсылмандар құрайды және бұл елдердің кейбіреуі ішімдікті құптамайтын шариғат талаптарын басшылыққа алады. Йеменде жергілікті тұрғындар алкоголді мүлде сатып ала алмайды, ішімдік саудасы тек екі қалада  шетелдіктер үшін ғана рұқсат етілген. Бұл ретте шетелдіктер қоғамдық орындарда алкоголдік ішімдіктерді іше алмайды; бұдан басқа, оларға алкоголдің шектеулі мөлшері ғана сатылады. Біріккен Араб Әмірліктерінде Шарж аймағын қоспағанда, алкоголді сатуға белгілі бір дәрежеде рұқсат етілген. Шаржда мұсылман еместер үкіметтен лицензия ала алады; лицензия олармен бірге алкоголді алып жүруге мүмкіндік береді, десе де олар оны қоғамдық орындарда іше алмайды. Бүкіл әлемдік банктің мағлұматы бойынша 2018 жылы дүние жүзінде орташа тұтыну деңгейі жан басына шаққанда (15 жастан жоғары) 6,17 литр таза алкоголді құрады. Салыстыру үшін алсақ: 2015 жылы тұтыну деңгейі 6,29 литр болса, 2010 жылы – 6,26 литр, 2005 жылы – 5,41 литр, 2000 жылы – 5,48 литр болған. 2018 жылы 2015 жылға көрсеткішпен салыстырғанда ерлер арасында да, әйелдер арасында да алкоголді тұтыну деңгейінің төмендеуі байқалды. Мәселен, 2015 жылы 15 жастан асқан ер адамдардың алкоголді тұтынуы 9,9 литрге жетсе, 2018 жылы ол 9,7 литрді құрады. Әйелдер үшін 2015 жылы бұл көрсеткіш 2,7 литрді, 2018 жылы жан басына 2,6 литр таза алкоголді құрады. 2018 жылы Орталық Еуропа мен Балтық жағалауы елдері ішімдікті тұтыну деңгейі аса жоғары аймақтар болды: 15 жастан асқан адамға (жан басына шаққанда) 11,9 литр таза алкоголден айналған екен. Еуроаймақтағы тұтыну деңгейі - 11,4 литр; Солтүстік Америка, Еуропа және Орта Азияда - 9,8 литр; Батыс және Орталық Африкада - 6,8 литр; Шығыс Азия мен Тынық мұхитында - 6,4 литр; Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде - 6,3 литр; Сахараның оңтүстігінде - 5,8 литр; Шығыс және Оңтүстік Африкада - 5,2 литр; Оңтүстік Азия - 4,3 литр; Орталық Шығыс және Солтүстік Африка - 0 ,8 литр.

0 пікір
Мұрағат