Әлемнің орталық банктері қанша алтын сатып алды
Әлемнің орталық банктері қанша алтын сатып алды
3 ай бұрын 2361 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Alexander Manzyuk / Anadolu via Getty Images

Алтын - құнын жоймайтын құйма актив, алтын – стратегиялық актив. Геосяаси ахуал ушыққанда алтын құны сөзсіз жоғарылайды. Осындай себеппен, яғни, Таяу шығыстағы шиеленіске байланысты күллі әлем бойынша алтынға сұраныс артқан. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша әлем елдерінің орталық банктері жалпы саны 1037 тонна алтын сатып алды. 2024 жылдың екінші тоқсанындағы жағдай бойынша Америка құрама штаттарындағы алтын қоры 8133,5 тоннаға жетті. АҚШ-тың алтын-валюта қорындағы бұл металдың үлесі 72,4 пайызды құрап, өзге мемлекеттер арасында жинақталған активтер мөлшері бойынша көшбасшы болып отыр. Еуропада алтын қоры бойынша Германия көш бастаған екен - 3351,5 тонна. Алтын қорындағы үлесі 71,5 пайызды құрайды. Францияда - 2436,8 тонна, Италияда - 2451,8 тонна. Ресейге келетін болсақ, 2024 жылдың тамыз айындағы алтын қорының ақшалай шамасы рекордтық деңгейге жеткен - 179,6 миллиард долларға жетті. Ресей Федерациясының алтын қоры - 2335,9 тонна. Ресейдің алтын-валюта қорындағы алтынның үлесі 29,5 пайызды құрайды. Қытай - 2264,3 тонна, Швейцария – 1040 тонна, Жапония – 845,9 тонна, Үндістан – 840,8 тонна, Голландия – 612,5 тонна. Қыркүйек айының соңында алтынның әлемдік бағасы тарихта алғаш рет бір унция үшін 2,7 мың долларға жетті. АҚШ-та орналасқан әлімдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі - Goldman Sachs сарапшыларының айтуынша, алтын бағасының рекордтық деңгейге жетуіне АҚШ-тағы құнды қағаздар кірісінің кемуі мен Таяу шығыс аймағындағы ахуал ықпал еткен.

Ұқсас материал:

«Соңғы 10 жылда ең көп алтын жинаған елдер белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-10-jylda-en-kop-altyn-jinagan-elder-belgili-boldy-20672/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат