Әлемнің 65 еліне шафран экспорттайды
Әлемнің 65 еліне шафран экспорттайды
2 жыл бұрын 1267 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран емдік әрі профилактикалық қасиеті жоғары шафран өсімдігін әлемнің 65 еліне экспорттайды. Бұл жайында islam.kz порталы Mehr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.Оңтүстік Хорасан шафран өндірушілері мен экспорттаушылар қауымдастығының вице-президенті Әлі Хұсейн мәлімдегендей, Парсы елі аумағында өсетін шафранға әлемде тең келетін баламасы жоқ, күллі әлем бойынша жоғары бағаланады. Шафран мен кілем – иранның экспорттық әлеуетін арттыратын өнімдер ғана емес, сонымен қатар, бренді. Ол Иранда шафран өсіру 3000 жылдан астам уақыт бұрын басталғалы бері әлемдік нарықтарда Иран атауын «шафран» атауымен шатастыратынын жеткізді. Иран шафраны көптеген салаларда, атап айтқанда, фармацевтикада, опа-далапта, тағам өнімдерінің қоспасы мен дәмдеуішінде, сусын түрлерінде, т.б. кеңінен қолданылады. Оңтүстік Хорасан шафран өндірушілері және экспорттаушылар қауымдастығының вице-президенті көршілес Катарға жалпы құны 300 млн долларға 200 тонна шафран өнімі жөнелтілгеніне тоқталды.

0 пікір
Мұрағат