Әлемге құм тапшылығы төніп келеді
Әлемге құм тапшылығы төніп келеді
4 жыл бұрын 4081 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Құмға деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Әлемдегі ең қадірі төмен ресурс ретінде белгілі шикізаттың бұл түрінің де тапшы нәрсеге айналатынын алға тартып отыр сарапшылар. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол ол ма, сарапшылар бұл тапшылық ХХІ ғасырдың басты проблемасына айналатынын да жоққа шағырмайды. Былай қарасаңыз, құм тапшы болады дегенге сенгіңіз де келмейді, десе де Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі программасының климатологы Паскаль Педуцци құмға деген атүсті көзқарасты өзгертуге тура келетінін мәлімдеді. Құм тапшылығының басталып кеткенін де жеткізді. Осылай деген ол соңғы жиырма жыл ішінде әлем бойынша урбанизация процесінің қарқын алуына байланысты құмды пайдалану көрсеткіші үш есеге артқаны турасында дерек келтірді. Өйткені, құрылысқа кез келген құм жарай бермейді. Осы орайда құмның ортасында отырған арабтардың өзі құмды жер түбінен – Австралиядан таситынын айта кетпекпіз. Бұл турасында аттай бір жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарық көрген (Қараңыз: «Арабтар өздерінде сыйғыза алмай жатқан құмды және түйені Австралиядан импорттайды. Неге?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/arabtar-ozderinde-syigyza-almai-jatqan-qumdy-jane-tuieni-avstraliyadan-importtaidy-nege-12606/#gsc.tab=0) материалымызда атап өткенбіз. Шөлдегі құм жұмыр келетіндіктен құрылысқа жарамайды, ал теңіз немесе мұхит жағалауындағы құмның пішіні әртүрлі болатындықтан олардың бір-бірімен байланысу қабілеті жоғары, сол себепті, құрылыс материалы саналады.

0 пікір
Мұрағат