Арабтар өздерінде сыйғыза алмай жатқан құмды және түйені Австралиядан импорттайды. Неге?
Арабтар өздерінде сыйғыза алмай жатқан  құмды және түйені Австралиядан импорттайды. Неге?
4 жыл бұрын 8093 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде талай қызық бар. Солардың бірі – Саудия жері тек құмнан тұрады десек, артық айта қоймаспыз, соған қарамастан құмды сонау Австралиядан тасиды. Өйткені, Саудия аумағындағы немесе Араб түбегіндегі құм құрылысқа және шыны өндірісіне жарамайды. Австралиялық құмды кремноземдік қасиеті болғаны үшін сатып алады. Кремнозем дегеніміз, түссіз кристалл, мықтылығымен әрі беріктігімен ерекшеленеді. Құрылысқа осындай құм жарамды. Арабтар тек құмды ғана емес, сонымен қатар, шөл кемесінің отаны бола тұра түйені де Австралиядан алдырады. Өйткені, автралиялық ойсылқара тұқымы төзімді келеді. Ад Арабияда мұндай түйелер автокөлік жүре алмайтын шөл далада тауарлар мен адамдарды тасымалдау үшін керек. Түйелер Австралиядан ХІХ ғасырдан бері экспортталып келе жатыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өз алдына тұтас құрлықты алып жатқан Австралияда кенгурудан кейін жабайы түйелердің қарасы көпЖабайы түйе саны. Әуел баста – 1800 жылдары Ауғанстан мен Үндістаннан көлік ретінде пайдалану үшін алдырылған түйелердің қарасы бүгінде  : кем дегенде 300 мыңнан асады немесе 750 мыңға дейін жетеді. 2002 жылдан бастап, Біріккен Араб Әмірлігіне де экспорттауға көшті. Осылайша Австралия билігі бас ауруына айналған түйелерден құтылудың жолын тапқан болатын – ойсыл қара тұқымы бұл елге пайда әкеле бастады. Аталған мемлекет аумағында неге кенгуру мен түйе көп. Өйткені, оларды аулайтын ірі жыртқыштар бұл құрлықта атымен кездеспейді. Қолтырауыннан өзгесі.

0 пікір
Мұрағат