Әлемдік қару-жарақ нарығы туралы аз-кем дерек (SIPRI мәліметі негізінде)
Әлемдік қару-жарақ нарығы туралы аз-кем дерек (SIPRI мәліметі негізінде)
3 жыл бұрын 1999 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі жалпы сауда-саттықтың 30 пайызы қару-жарақ саудасына тиесілі. Яғни, қару-жарақ саудасы есірткі айналымынан бір жарым есе жоғары. Әлемдік есірткі трафигі жылына шамамен 800 млрд долларға жетеді. Мұнай шикізатының нарығына тең шамада. Ал қару-жарақ нарығы шамамен 2 трлн доллардан асып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталының шолу материалынан біле аласыздар. Геосаяси мүддесін қорғау, ықпал ету аймағын кеңейту бағытында әлем елдері қару-жарақ саудасының көрігін қыздырып отыр. Бұл тарапта АҚШ қару-жарақ экспорты бойынша, ал Саудия импорты бойынша көш бастап тұр. АҚШ-тың қару-жарақ нарығындағы үлесі үштен бір бөліктен асып кетеді. АҚШ 2015-2020 жылдар аралығында әлемнің 96 еліне қару-жарақ экспорттаған. Ал қару-жарақ импорты бойынша саяси дағдарыс пен тұрақсыздықтан көш ашпаған Таяу Шығыс көш бастаған. 2015-2020 жылдар аралығындағы аталған аймаққа иипортталатын қару-жарақ үлесі 25 пайызға шырқап кеткен. Соның ішінде Таяу Шығыстың қару-жарақ импорты бойынша Саудияның 2015-2020 жылдар аралығындағы үлесі 61 пайызға артса (Йменедегі соғыс пен Иранмен арадағы текетіреске байланысты), Катар 361 пайызды құраған, керісінше Біріккен Араб Әмірлігінің бұл тараптағы үлесі 37 пайызға кеміген. Таяу Шығыстағы қару-жарақты молынан импорттайтын елдердің бірі – Мысыр. Соңғы 10 жыл ішінде пирамидалар елінің қару-жарақ импорты 136 пайызға шырқап кеткен. Бұған Мысырың Жерорта теңізінің шығысындағы Түркиямен көмірсутегі ресурсы үшін бәсекелестік себеп болған, дәлірегі, пирамидалар елі әскери-теңіз флотын нығайтуға едәуір қаражат бөлген. Ал керісінше Түркия қару-жарақ сауда-саттығында импорттан гөрі экспортқа басымдық бере бастаған ел болғандықтан қару-жарақ импорты 2015-2020 жылдар аралығында 59 пайызға дейін, ал  SIPRI (Стокголмдегі халықаралық әлем проблемаларын зерттеу институты) дерегі бойынша 48 пайызға азайған. Қару-жарақ нарығындағы Түркияның 2020 жылдың басындағы есебі бойынша экспорты 2,2 млрд доллардан асқан. 2010-шы жылмен салыстырғанда Түркия қорғаныс саласына бөлетін шығынын 86%-ға арттырған. Қару-жарақ стратегиялық мәні бар сауда-саттық – Түркия отандық қару-жарақ өндірісін ұлғайтуға ден қойған ел. Әлемде қару-жарақ сатудан АҚШ; Ресей, Франция, Германия және Қытай. Дегенмен, 2020 жылы ресейлік қару экспорты 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,5 пайызға дейін құлдыраған – 28,2 млрд доллардан (2019 ж.) 26,4 млрд долларға дейін (2020 ж.) азайған. Бұл тараптағы көрсеткіш осымен үшінші жыл қатарынан кеміп келеді. Әлем бойынша қару-жарақ саудасы 2020 жылы 531 млрд долларға (1,3 пайызға) артқан. Бұл қаражаттың көбісі АҚШ-қа тиесілі – 285 млрд доллар (1,9 пайызға артқан). Одан кейінгі орында Қытай тұр – 66,8 млрд доллар (1,5 пайызға артқан); үшінші орыннан көрінген Британия көрсеткіші – 37,5 млрд доллар (6,2 пайызға артқан). Жалпы қару-жарақ нарығы 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2020 жылы әлем бойынша 2,6 пайызға артқан. 

0 пікір
Мұрағат