Әлемдік мұхитты ластайтын өзендер мен аймақтар картасы жасалды
Әлемдік мұхитты ластайтын өзендер мен аймақтар картасы жасалды
4 жыл бұрын 4501 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Соңғы дерекке қарағанда, әлемдік мұхиттың пластик заттармен және бұйымдармен ластануына шағын және орташа өзендер себеп болып отырғаны анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы The Ocean Clean Up  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күллі әлем бойынша 1656 өзен қалдық пен қоқыстың 80%-ын әлемдік мұхитқа еткізеді екен. Ілемдік мұхиттың ластануы – атмосферамен қатар қоршаған ортаның ең көп ластанған ортасы. Бұл жайт өз кезегінде мұхит суының жылынуы мен ондағы ресурстардың жойылуына алып келетін факторға айналып отыр. Түрлі мәлімет бойынша әлемдегі пластиктың 60%-ы қоршаған ортаға тап болған. Бір ғана Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жағалауды пластиктен тазалау үшін жылына 1,26 млрд доллар қаражатты қажет етеді. Ғалымдардың мағлұматынша, әлемдік мұхитқа пластик тек өзендер арқылы тап болмайды, сонымен қатар, жағалаудан пластик тастау арқылы да ластанады. Бұған жағалауда тұратын елдер мен сол елдерге саяхаттап барған туристер себеп болып отыр. Бұл жайт бұрын бұл бағытта экологтар тарапынан арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесінен белгілі болып отыр. Бұдан бөлек, бұрын эмпирикалық көрсеткіштерге ғана негізделген зерттеулерде пластик қалдықтарының кеңістікте таралу аумағы, климатологиялық немесе географиялық айырмашылықтары ескерілмеген. Соның өзінде бүгінде әлем бойынша он өзен пластик қалдығының шамамен 50-61 пайызын және басқа қоқыстардың 88-94 пайызын әлемдік мұхитқа таситыны белгілі болып отыр. Штаб-пәтері Нидерландыда орналасқан, пластик қоқыстан тазарту технологиясын әзірлеумен айналысатын The Ocean Clean Up үкіметтік емес табиғатта қорғау әрі иненерлік ұйым мамандары әлемдегі ең қатты ластанған 1656 өзеннің интерактивті картасын жасап шығарды. Аталған ұйым сарапшыларының айтуынша, жер гидросферасын ірі өзендер емес, шағын және орта өзендер қатты ластайтын болып шықты. Соның ішінде әлемдік мұхитты пластикпен негізгі ластайтын өзендер Оңтүстік-шығыс Азия мен Африка құрлығының батысындағы өзендер екенін анықтап білген. (Аталған ұйымның бұл тараптағы картасы The Ocean Clean Up сайтыннан таба аласыздар – ред.). Негізінен әлемдік мұхитқа тропикалық аралдар қауіп төндіріп тұр – пластикпен ластау бойынша. Неге десеңіз, тропикалық белдеудегі қалың нөсер түрлі қалдық пен қоқысты тікелей мұхитқа ағызып әкеледі. Негізінен мына елдер, атап айтқанда, Филиппин, Индонезия, Малайзия, Доминикан Республикасы әне күллі орталық Америка өзендер арқылы гидросфералық ортаны ластаса, Қытай мен Үндістан бұл тізімде соңғы тұр. Мәселен, Қытайға қарағанда пластикті он есе аз өндірсе де әлемдік мұхитты ластау көрсеткіші Қытайдан жоғары: Малайзияның бұл тараптағы көрсеткіші - 9,0%, ал Қытайдікі - 0,6%. Ғалымдардың есебінше, аумағынан 4,8 мыңнан аса өзен ағатын Филиппиннің әлемдік мұхитқа қосқан «үлесі» әлемдік мұхиттағы пластик қоқыстың 8,8%-ын құрап отыр. Ал Үндістанның бұл тараптағы көрсеткіші — 1,0%. Ал мұхитқа шығар жолы жоқ, пластикті сел болып ағызып әкететін қатері жоқ, яғни, құрғақшылық жайлаған әрі елдің соғу қуаты әлсіз немесе (пластиктің таралуына тосқауыл болатын) қалың орман-тоғайы көп елдер әлемдік мұхитты ластамайды. Ресей аумағынан ағып өтетін, ұзындығы 1870 шақырымға созылған бір ғана Дон өзені арқылы әлемдік мұхитқа жылына 35,5 мың келі пластик заттар мен бұйымдар тап болады екен.

0 пікір
Мұрағат