Әлемдік ислами қаржы нарығы тағы бір катализатормен толығатын болады
Әлемдік ислами қаржы нарығы тағы бір катализатормен толығатын болады
4 жыл бұрын 2660 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Индеонезияда үш бірдей мемлекеттік ислами банктер біріктіріліп, оның орнына аса ірі мега-банк ашылады. Бұл жайында islam.kz порталы evo-rus.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, BNI Syariah, Bank Syariah Mandiri, BRI Syariah (BRIS) қаржы мекемелері арасында бұл бағытта келіссіөздер жүргізіліп, нәтижесінде 2021 жылдың ақпан айының 1-нен бастап Bank Syariah Indonesia банкіне айналатын болды. Bank Syariah Indonesia банкісінің бас атқарушы директоры өткен аптадағы баспасөз мәслихатында біріктірілген үш қаржы мекемесінің жалпы активтері 214,6 триллион индонезиялық рупий (15,2 миллиард доллар), ал ортақ каптитал 20,4 триллион индонезиялық рупий (1,4 миллиард доллар) құрайтынын мәлімдеді. Осылайша Bank Syariah Indonesia қаржы мекемесі нарықты капиталдандыру тұрғысынан алғанда актив мөлшері бойынша әлемдегі аса ірі  он ислами банктің біріне айналады екен. Дәлірегі, оңтүстік-шығыс Азияда шариғи талаптарды ескере отырып, қаржылық қызмет көрсетудегі қаржылық нарықтағы үлесін арттыру бойынша 2014 жылы осындай ауқымды ислами қаржылық жобаны қолға алған Малайзиядан кейінгі орынға табан тіреуге  толық әлеуеті жететін ислами банк жүйесін құруды көздейді. Бұдан бөлек,  Индонезия билігі аталған ислами банктің әлеуетіне ел экономикасын алға сүйрейтін катализатор ретінде үлкен үміт артып отыр.  Индонезияның мемлекеттік кәсіпорындар ісі  жөніндегі министрдің орынбасары Картико Вироатмоджоның айтуынша,  индонезиялық аталмыш банк ғаламдық сукук (шариғат талаптарына сай қаржы өнімі) шығаруды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат