Әлемді Қытай ықпалында қалдырмасы үшін Еуропалық одақтың қанша қаржы бөлетіні белгілі болды
Әлемді Қытай ықпалында қалдырмасы үшін Еуропалық одақтың қанша қаржы бөлетіні белгілі болды
3 жыл бұрын 1600 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропалық одақ Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» ғаламдық жобасына қарсы тұру үшін, дәлірегі, аталмыш жобаның тактикалық және стратегиялық мәні мен маңызын кеміту үшін Global Gateway жобасы аясында күллі әлем инфрақұрылымына қыруар қаржы бөлуді ұйғарып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуроодақ амбициясы бұл тарапта тек қаражат құюмен шектелмейтін секілді. 2027 жылға дейін әлемнің әр түкпіріне осы мақсатта 300 млрд доллар инвестициялануы тиіс. Жоспар бойынша. Бұл арада ЕО құрамындағы елдер мен қаржы институттарының және ұлттық даму банкінің ресурстарын пайдалану турасында сөз болып отыр. Бұдан бөлек, аталмыш жобаға жекеменшік сектор жұмылдырылады. Мынадай жайтты айта кету керек, ЕО Қытайдың әлемдегі ықпалына қапсы тұруға арналған бұл жобасы «Бір белдеу – бір жол» жобасының баламасы ретінде алға шықпайды, инфрақұрылымына қаржы құйылатын елдерді Қытай секілді қарыз қыспағында қалдыруды мақсат етпейді. Тең әріптестік пен ынтымақтастық және демократиялық құндылықтарды ескере отырып, жобаны жүзеге асыруға ұмтылады. ЕО-ның бұл мегажобасында ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру, цифрландыру, экология, көлік және энегретика секілді стартегиялық маңызды салаларға қаржы құюды көздеп отыр, осылайша пайда табу мақсат етпейтінін көрсетпек.

Ұқсас материалдар:

«Ғаламдық жобалардағы жаһандық тайталас» (https://islam.kz/kk/news/alem/galamdyq-jobalardagy-jahandyq-taitalas-15810/#gsc.tab=0);

«Германия мен Франция Еуропа елдерін Қытай ықпалына қарсы тұруға шақырды»

"Бір белдеу - бір жол" жобасына бәсекелес бастама» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-beldeu-bir-jol-jobasyna-basekeles-bastama-10638/#gsc.tab=0);

«Сарапшылар: "Бір белдеу - бір жол" - Қытай қақпаны» (https://islam.kz/kk/news/alem/sarapshylar-bir-beldeu-bir-jol-qytai-qaqpany-10632/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыс және Қытай» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygys-jane-qytai-13652/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыс және Қытай» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygys-jane-qytai-jalgasy-14145/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыс бұрынғыдай АҚШ-қа емес, неге Қытайға бәс тігіп отыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygys-buryngydai-aqsh-qa-emes-nege-qytaiga-bas-tigip-otyr-12294/#gsc.tab=0);

«Ғаламдық жоба тығырыққа тірелді» (https://islam.kz/kk/news/alem/galamdyq-joba-tygyryqqa-tireldi-11358/#gsc.tab=0);

«Орта Азия елдеріндегі синофобияның негізі бар ма немесе Қытай Орта Азия елдеріне басып кіруі мүмкін бе деген риторикалық сауал төңірегінде бірер сөз» (https://islam.kz/kk/news/alem/orta-aziya-elderindegi-sinofobiyanyn-negizi-bar-ma-nemese-qytai-orta-aziya-elderine-basyp-kirui-mumkin-be-degen-ritorikalyq-saua-12559/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат