Әлемдегі өзендердің төрттен бірінен көбі дәрілермен ластанған. Қатері қандай?
Әлемдегі өзендердің төрттен бірінен көбі дәрілермен ластанған. Қатері қандай?
3 жыл бұрын 1606 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Британ ғалымдары әлемнің әр түкпірінен – 258 өзен суын тексеріп, құрамынан 61 фармацевтикалық дәрінің ерітіндісін тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы Science Daily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, әлемегі өзендердің төрттен бірінен көбісі дәрілік заттармен ластанған. Зерттелген өзендер арасында әлемдегі ең ірі Амазонка, Миссисипи, Темза және Меконг өзендері де бар. Өзен суының сынамасы адам аяғы жете бермейтін, тұмса қалпын сақтаған, йаномами деп аталатын үнді тайпасы мекендейтін Венесуэладағы өзеннен де, тұрғындары қарасы көп әрі тығыз орналасқан Дели мегаполисіндегі өзеннен де алынды. Тоқетерін айтқанда, аталмыш зерттеуде әлем елдерінің  жартысындағы өзендер қамтылған. Бұл өзендердің 36-дағы су арналарының дәрілік ластану деңгейі бойынша алғаш рет тексерілгенін де айта кеткен жөн.

Зерттеу нәтижелері:

-      Барлық құрлықта да өзен сулары дәрілік заттармен ластанған;

-      Өзен суларының дәрілік заттармен ластану деңгейі әр елдің әлеуметтік-экономикалық мәртебесімен тығыз байланысты болғандықтан жұмыссыздық белең алған, кедейлік қамытын киген елдерде жоғары болған. Соның ішінде, Африкадағы Сахара шөлінен оңтүстікке қарай орналасқан елдерде, Оңтүстік америкада және Оңтүстік азияның кей аймақтарында өзен сулары дәрілік заттармен көп ластанған;

-      Өзен суларының дәрілік заттармен ластануына жағалауға медициналық мақсаттағы қоқысты тастау, ағын су инфрақұрылымының сапасыздығы, фармацевтикалық өндіріс пен септикалық резервуардағы қалған лас нәрселердің төгілуі себеп болып отыр.

Өзен суларынан қандай дәрілік заттардың құрамы табылды:

  • сульфаметоксазол — бактериялық инфекцияны емдеуге арналған (мәселен, зәр жолдарының ауруларына қарсы);
  • пропранолол — жоғары қан қысымы мен жүрек ауруларына қарсы қолданылатын бета-блокатор;
  • ципрофлоксацин — тыныс жолдары инфекциясын емдеуге арналған антибиотик;
  • лоратадин — антигистаминдік құрал.  

Өзен суларының дәрілік заттармен ластану қандай қауіп төндіреді? 

Өзен суларында дәрілік заттардың шоғырдану деңгейі жоғары болған сайын адамның ұрпақ өрбіту қабілетіне кері әсерін тигізуден бастап, адамның мінез-құлқы мен физиологиясын өзгертуге дейін апарып соқтырады. 

0 пікір
Мұрағат