Әлемде қарулы қақтығыстан қаза тапқандар саны соңғы 25 жылда рекордтық деңгейге жетті
|
Былтырғы жылы әлем бойынша қарулы қақтығыстар кезінде қаза тапқандар саны соңғы 25 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Бұл туралы "BBC" орыс қызметі хабарлайды. Ал босқындар саны екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі деңгейге бір-ақ көтерілген. Мұндай жайсыз статистиканың пайда болуы бірінші кезекте Таяу Шығыстағы дау-дамайға байланысты дейді зерттеушілер. Әлемдегі өмір сүруге ең қауіпті ел ретінде Сирия аталған, одан кейін Оңтүстік Судан, Ирак, Ауғанстан және Сомали мемлекеттері тұр. Global Peace Index зерттеуі бойынша шабуылдардың көбі бес елге: Сирия, Ирак, Нигерия, Ауғанстан және Пәкістанға жасалыпты. Европа құрлығы әлемдегі ең тыныш аймақ ретінде қалуда. Алайда мамандар соңғы бес жылда европа елдеріндегі террорлық шабуылдар саны жылдам өскен. Рейтингті жасар кезде мамандар күш көрсету деңгейі, елдегі қылмыс, көрші елдермен қарым-қатынасы және әскери шығындарын есепке алған.
САРАПШЫЛАР: ҚАҚТЫҒЫСТАН ӘЛЕМНІҢ 10 ЕЛІ ҒАНА ТАЗАРДЫ
Халықаралық қауіпсіздік деңгейі құлдырауда. Қарулы қақтығыстардан әлем бойынша тек 10 мемлекет қана арылған. Экономика және әлем институты 10 жылдан бері Ғаламдық мейірім индексі атауымен зерттеу жүргізіп келеді. Институт деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта ішкі және сыртқы қақтығыстардан Жапония, Швейцария, Чили, Катар Уругвай, Панама, Коста-Рика мен Ботсвана мемлекеттері тазарған. Зерттеуге сәйкес, бейбітсүйгіш елдер қатары биыл 80-ге жетті. 79 елде жағдай керісінше кеткен. 40 елде саяси тұрақсыздық байқалады. Бұл қатарда 2015 жылы шиеленістерден тазарған тізімге енген Бразилия да бар. Ал ең бейбітсүйгіш ел болып осымен бірнеше рет Исландия танылып отыр. Онан кейінгі тізімді Дания, Жаңа Зеландия, Австрия мен Португалия елдері жалғастырады.