Әлемде ақсерке өсіруден бірінші орында тұрған ел
Әлемде ақсерке өсіруден бірінші орында тұрған ел
4 жыл бұрын 5249 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран ақсерке өсіруден көш басынан көрінді. Ал сазан өсіруден бесінші орынға жайғасса, уылдырық өндірісі бойынша екінші орынға табан тіреген ел. Бұдан бөлек, бекіре балығының етін өндіруден үшінші орында тұр. Бұл жайында Иранның балық шаруашылығы ұйымының жетекшісі Нәбиолла Хұн-Мырзай мәлім етті. Сондай-ақ, ол парсылар елінің ас шаян өндірісі бойынша әлемде онынша орынды місе тұтып отырғанын жеткізді. Десе де ас шаян өндірісі бойынша аймақта бірінші орынға шыққан. «1979 жылғы ислам революциясының бас кезінде теңіз өнімдері өндірісінің мөлшері шамамен 32 мың тоннаны құраған еді, оның 29 мың тоннасы балық аулау нәтижесінде алынса, 3 мың тонна балық шаруашылығы негізінде алынды. Алайда, өткен жылы Ирандағы теңіз өндімдерінің өндірісі 1 млн 280 мың тоннаға жетті, оның 525 мың тоннасы балық шаруашылығынан алынды»,- деп атап өтті ол. Осылай деген ол Иран бұл межемен шектеліп қалмай, биыл теңіз өнімдерінің мөлшерін 1 млн. 370 мың тоннаға жететінін, яғни, ирандық күнтізбе бойынша  1400 жылы 1 млн 500 мың тоннадан асатынын тілге тиек етті. Сөзінің соңында ол Ирандағы тұрғындардың жан басына шаққанда жылына 13,3 келі балық өнімдері тұтынылатынын айтты.

0 пікір
Мұрағат