Әлем жаңалықтары: Араб елдері одақтас әскер құрады
Әлем жаңалықтары: Араб елдері одақтас әскер құрады
10 жыл бұрын 5593

 

Араб елдерінің сыртқы істер министрлері ортақ, яғни, одақтас әскер құру туралы қарар жобасын мақұлдап, бұл жайында Араб елдері лигасының бас хатшысы Нәбіл әл-Арабиге мәлімдеді. Осы құжатқа сәйкес араб елдерінің одақтас әскері бір айдың ішінде жасақталып бітуі тиіс. Араб елдері аймақтық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда стратегиялық маңызы зор мұндай қадамға ықтимал қауіп-қатердің бетін бірігіп қайтару мақсатында барып отыр.

 

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Йеменге қатысты қарар жобасы ұсынылды

Сауд Арабиясы мен оның Парсы шығанағындағы араб елдеріның ынтымақтастық кеңесіне мүше одақтастары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұрақсыздық жайлаған Йеменге қатысты қарар жобасын ұсынды. Аталмыш құжатта көтеріліске шыққан шиттік хусит тайпасына эмбарго (қару-жарақ иеленуге салынатын тыйым) салу да қарастырылған. Бұл жоба Араб түбегінде ұрыс іс-қимылдары басталған кезде келіп түскен болатын. Сауд Арабиясы мен оның одақтастары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен қарардың БҰҰ хартиясының жетінші тармағына (әлемге қаатер төндіру) сәйкес қабылдануын талап етіп отыр. Сондай-ақ, Сауд Арабиясы мен оның одақтастары көтерілісшілердің Йемен астанасынан кетуін де талап етіп отыр. 

 

Британ мұражайында ислам әлеміне арналған галерея ашылады

Әлемге әйгілі Британ мұражайының әкімшілігі 2018 жылы тек ислам әлеміне арналған галерея ашатындарын жария етті. Осы галерея арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен ағылатын жұртшылыққа ислам әлемінің бай тарихы мен мәдениетін таныстыратын болады. Бұл бастаманы Малайзияның Albukhary Foundation қайырымдылық ұйымы көтерген болатын. Галерея екі блокқа бөлінеді. Біріншісінде ислам діні пайда болған алғашқы кезеңінен 1500 жылға дейінгі аралықта жасалған жәдігерлер қойылады. Ал екіншісінде оттомандықтардың, сефевиттердің және моңғолдардың туындылары, яғни, қыштан жасалған бұйымдары, зергерлік бұйымдары, картиналар жұртшылықтың назарына ұсынылады. Сондай-ақ, онда Орта Азия мен Оңтүстік-шығыс Азияның тоқыма бұйымдары да болады. 

0 пікір
Мұрағат