Әлем бойынша құрма өндіруден 2-ші орында тұрған ел
|
Иран әлем бойынша құрма өндіруден кейін Мысырдан кейінгі орында – екінші орында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Finacial Tribune ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иранның ұлттық құрма қауымдастығының жетекшісі Мұқсан Рәшид Фарақ 2022-23 жылы елде 1,3 миллион тонна құрма өндірілгенін, жыл сайын өнімнің 20-30 пайызы экспортталатынын жеткізді. Осылай деген ол былтырғы экспорт көлемін 400 миллион долларға бағалап, ел әлеуеті бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға жеткізуге мүмкіндігі бар екенін айтты. «Біздің 75 экспорттық бағыттың ішінде АҚШ пен Қытайдың үлесі басым», - деді ол. Иранның өзінде құрманы тұтыну көрсеткіші жан басына шаққанда сегіз келіден айналады. Жылына. Құрма саласы 1,5 млн адамды жұмыспен қамтып отыр. Иран аумағында құрманың 500-ге тарта түрі өсіріледі, олардың 18 түрі экспортталады. Мысыр әлемдегі ең ірі құрма өндіруші кел болғанымен Иранның бұл бағыттағы басты бәсекелесі – Сауд Арабиясы болып отыр.
Ұқсас материалдар:
«Иран - әлемдегі ең ірі құрма өндіруші және экспорттаушы үш елдің бірі» (https://islam.kz/kk/news/alem/iran-alemdegi-en-iri-qurma-ondirushi-jane-eksporttaushy-ush-eldin-biri-17706/#gsc.tab=0);
«Құрма өндіруден көш бастаған Иранды нарықтан Саудия мен БАӘ ығыстырмақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/qurma-ondiruden-kosh-bastagan-irandy-naryqtan-saudiya-men-baa-ygystyrmaq-13693/#gsc.tab=0);
«Араб түбегінде құрма құруы мүмкін...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/arab-tubeginde-qurma-quruy-mumkin-fotovideo-14734/#gsc.tab=0;
«Әлемдегі ең ірі құрма кәсіпорны ашылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-en-iri-qurma-kasiporny-ashylady-14923/#gsc.tab=0);
«Әлемде тұңғыш рет құрма саудасының онлайн платформасы іске қосылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tungysh-ret-qurma-saudasynyn-onlain-platformasy-iske-qosyldy-15659/#gsc.tab=0)