Африка – Қытайдың алдында қарыздар...
Африка – Қытайдың алдында қарыздар...
3 жыл бұрын 3000 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Африка – Қытайдың алдында қарыздар... Тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да. 2000 жылы Қытай-Африка ынтымақтастығының форумы құрылғаннан бері Қытайдң Африка елдеріне құйған инвестиция мөлшері 210 млн доллардан 47,35 млрд долларға жеткен. Экономикасы мешеу Африка елдері үшін бұл рекордтық көрсеткіш! Бұл жайында islam.kz порталы Синхуа ақпарат агенттігі келтірген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инвестиция тәуекелді қажет ететін қадам болғандықтан Қытайдың қыруар қаржысын саяси тұрақсыздау әрі түрлі қақтығыстар қатері жоғары аймаққа салуы ұзақ мерзімді стартегиялық мақсаты мен мүддесіне қызмет етпек. Дәлірегі, қытай Африка елдеріне экономикалық экспанция жасай отырып, біріншіден, ресурсқа қол жеткізеді, екіншіден, қытай тауарларының өткізу нарығын кеңейтеді, үшіншіден, сауда-саттық жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, төртіншіден, ықпал ету аймағын кеңейтеді. Қытай инвестициясының пайдалы жағына келсек, Африка  индустрияланады, инфрақұрылымы жаңарады, әлеуметтік тұрақтылық орнайды, соның ішінде жаңа жұмыс орындары ашылады. Қытай Африка құрлығындағы 54 елдің 52-не инвестиция құйған екен. 2019 жылға дейін. Қытай инвестициясы тартылған африкалық елдер арасындағы алғашқы ондыққа кірген елдер: Оңтүстік Африка, Конго демкоратиялық республикасы, Ангола, Замбия, Эфиопия, Нигерия, Гана, Алжир, Зимбабве және Кения – Қытайдың Африкадағы тікелей инвестиция портфелінің 63%-ы осы аталған елдер еншісінде. Соған қарамастан Африка өзге құрлықтарға қарағанда Қытай инвестициясын тарту бойынша артта қалған. Ал Африкаға инвестиция құюдан Қытайдың алдына түскен ел жоқ.

Қосымша мәлімет: Соңғы 20 жыл ішінде бір млн-нан аса қытай азаматы Африкаға аттанған. Аталған құрлықтан өз нәпақасын айыру үшін. McKinsey & Company ұйымы келтірген дерекке қарағанда, Африкада 10 мыңнан аса қытай кәсіпорыны жұмыс істеп тұр бүгінгі таңда. Оның 90%-ы жекеменшік компаниялар.

0 пікір
Мұрағат