|
Адамзаттың 71%-ы тәулігіне 10 доллармен өмір сүреді
|
Адамзаттың, яғни, әлемдегі адамдардың 71%-ы күніне, яғни, тәулігіне 10 доллармен өмір сүреді. Нақтырақ айтқанда, осы мөлшердегі табысын қанағат етуіне тура келеді. Бұл мәлімет Бүкіл әлемдік банк пен Люксембургтегі табысты зерделеу орталығы жүргізген, «Pew» ғылыми-зерттеу орталығы жариялаған аталмыш зерттеу нәтижесінде айтылған. Бұл жайында «Business Insider» ақпарат көзі хабар таратты. Талмыш зерттеу нәтижесіне қарағанда, мына әлемде күніне 2 долларды ғана қанағат ететін адамдардың бары да айтылған. Табысы төмен адамдар күніне 2-10 доллар қаржыға өмір сүреді, орташа табысы барлар күніне 10-20 долларға өмір сүреді. Ал орташадан көп табыс табатындар өз қажеті үшін күніне 20-50 доллар қаржы жқмсайды екен. Ал күніне елу доллардан кем емес кірісі бар адамдар табысы жоғары адамдар санатына жатқызылған.