Адамзаттың 5/1 бөлігі жердің шөгуінен зардап шегеді
Адамзаттың 5/1 бөлігі жердің шөгуінен зардап шегеді
4 жыл бұрын 3090 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

ЮНЕСКО-ның таяуда жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 2040 жылға қарай адамзаттың шамамен бестен бір бөлігі, дәлірегі, 19%-ы жердің шөгуінен зардап шегеді. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемнің саяси-экономикалық және технологиялық орталықтарына айналған аса ірі елді-мекендеріне тасқын-селден су астында қалу қаупі төніп тұр, әсіресе, жағалауда орын тепкен қалалар алдымен зардап шегеді. Мәселен, Индонезиядағы Жакарта қаласы соңғы он жыл ішінде 2,5 метрге шөккен. Осы қатегге байланысты аталған ел билігі астананы Борнео аралына көшіруге бел байлап отыр. Ал кәрі құрлықтағы Нидерланды аумағының топырағы теңіз деңгейінен 25% төмен шөгіп кеткен. Аталмыш ғылыми зерттеу жобаға жетекшілік еткен Херардо Эррера-Гарсия есімді ғалымның келтірген дерегіне қарағанда, құрғақшылық жайлаған өңірлердегі халық тығыз шоғырланған аудандарда ауыл шаруашылығы үшін жерасты суын қарқынды пайдалануға көшкен. Бұл фактор да жердің шөгуіне ықпал етіп отыр. Мәселен, Иран тұрғындарының қарасы соңғы 50 жылда екі есеге көбейгендіктен оларды сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суын белсенді пайдаланып отыр. Жыл сайын парсылар елінің аумағы 25 сантиметрге шөгіп келеді. Бұдан бөлек, жаһандық жылыну салдарынан келесі ғасырдың бас кезінде әлемлік мұхит деңгейі 1 метрге көтеріледі. Десе де ғалымдар адамзатқа төніп келе жатқан бұл қатердің осы заманғы озық технологияның көмегімен осы бастан кіріссе, алдын алуға болатынын алға тартып отыр. Мәселен, спутниктік бақылаумен және арнайы радарлық құрылғымен жердің шөге бастаған аймақтарын ұдайы қадағалап, жерасты суын үнемдеп пайдалануға көмегімен тигізетін технологияларды кеңінен қолдану, атмосфераға бөлінетін улы әрі ластаушы заттардың мөлшерін азайту, т.б. экологиялық шаралар алапат апаттың бетін қайтаруға септігін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат