АДАМ ДЕНЕСІ НЕШЕ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ТОЛЫҚ ЖАҢАРАДЫ?
АДАМ ДЕНЕСІ НЕШЕ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ТОЛЫҚ ЖАҢАРАДЫ?
10 жыл бұрын 7276

Адам денесі ұдайы қозғалыста болатындықтан терісі мен өкпесі жаңарып отырады әрі шашы өсуін тоқтатпайды. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, адам денесіндегі жасушалар жеті-тоғыз жыл ішінде толық жаңарып отырады екен. Тек адамның ДНК-сы және аағзаның кей бөліктеріндегі (мәселен, көз жанары, жадыға жауапты, ойлау қабілетіне, сөйлеу мүмкіндігіне, т.б. жауапты ми бөлігіндегі) жасушалардың жаңармайтыны анықталды. Жасушалардың жаңару мерзімі адам денесінің әр бөлігінде әрқалай болатыны да белгілі. Ары кеткенде тоғыз жылдың ішінде адам денесі толық жаңарып бітеді. Егер адам денесі толық жаңарып отырмаса оның ерте қартаятыны да белгілі болды. Ал адам сүйегінің жасушаларының жаңару процесі 10 жылға дейін созылады. Бұл арада мынаны айта керек: жаңару процесі адам жасына байланысты жүреді. Яғни, адам жасы ұлғайған сайын оның денесінің жаңару процесі де баяулай береді. 

0 пікір
Мұрағат