|
Әбдімәлік жұмысына сумен жүзіп барады
|
Әбдімәлік есімді Үндістанның 40 жастағы тұрғыны күн сайын жұмысына сумен жүзіп барады. Яғни, мұғалім болып жұмыс істейтін оған оқушыларына жету үшін өзеннен жүзіп өтуіне тура келеді. Суға батып кетпесі үшін ол автокөлік дөңгелегінің камерасын пайдаланып, 25 минут бойы жүзуге мәжбүр. Қайық жалдап мінуге оның ақшасы жетпейді. Автобуспен айналма жолмен жүру де оған тиімсіз: мектепке жету үшін 3 сағат жолда жүруіне тура келеді. Оның үстіне, автобус ұдайы келе бермейді. Сумен жүзіп өткен кезде ол бір қолына азық салынған дорбасы мен киімін ұстап алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті