|
99 жастағы әженің ерлігі
|
Оның есімі – Лилиан Вебер. Ғасырға жуық жасаған әже Африкадағы иіні жүдеу, тұрмысы төмен қыздар үшін 840 көйлек тікті. Келесі жылы жүзге толатын әже өзінің мерейтойына орай көйлектер санын мыңнан асыруды көздеп отыр. Әженің қолынан шыққан көйлектер тек сапасымен ғана емес, сонымен қатар, сәнімен де ерекшеленеді. Яғни, көйлектердің сән үлгісі бір-бірін қайталамаған. Лилиан әже көйлек тігуді таңертеңгі уақыттан бастайды. Түскі ас кезінде үзіліс жасап, аздап тынығып алғаннан кейін қайта көйлек тігуге отырады. Күніне бір көйлектен тігеді екен.





Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті