60-тан аса ел жасанды зердеге негізделген қару-жарақты бақылауға келісімін берді
|
Жасанды зерде пайда болғалы бері оның түбінде әскери мақсатта қолданылатыны анық нәрсе еді, бұл тек уақыт еншісіндегі мәселе. Осыған байланысты кассеталық бомба, т.б. қолдануға тыйым салынған қару түрлеріне қатысты шектеу жасанды зердеген негізделген қару түрлеріне де қолданылуы тиіс екендігі айтылып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде адам өлтіру құқығын жасанды зердеге беру керек пе? Сарапшыларды осы сауал толғандыруда. Өткен аптада Гаагада өткен, Оңтүстік Корея мен Ниделанды бастамасымен әлемнің 60-тан аса елі құрған REAIM 23 әскери салада жасанды зердені пайдалану жауапкершілігіне қатысты халықаралық жиында Израилден өзгесі жасанды зердені халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қарсы пайдаланбау үшін халықаралық құқыққа сәйкес пайдалану туралы келісімге келді. REAIM 23 жиынында жасанды зердені әскери мақсатта пайдаланудың күтпеген салдары, күшею қаупі және шешім қабылдау процесіне адамдардың қатысу деңгейі туралы мәселелер талқыланды. Десе де сарапшылар бұл бастаманың өміршеңдігіне немесе жасампаздығына күмәнмен қарайды, өйткені, бұл бастама тараптарға міндеттеме жүктемейді. Жасанды зердені соғыс жағдайында қолдану жаппай қырып-жоятын қару секілді қатер төндіруі мүмкін. Ядролық қаруға біршама тыйым салынған. Халықаралық келісімдер мен әскери доктриналар арқылы. Жасанды зердеге негізделген қару түрлеріне де осындай нақты құқықтық тыйым салынуы тиіс, деп есептейді. Өйткені ұрыс жүргізуге қатысты шешім шығару құқығын жасанды зердеге берілген жағдайда алдымен соғысты өзі бастап кетуі мүмкін. Таяуда АҚШ-тағы Lockheed Martin компаниясы автономды ұшу (яғни, адамның басқаруынсыз, дербес ұшатын) жойғыш ұшаққа арналған жасанды зердегі сынақтан сәтті өткізгенін жаһанға жариялаған болатын. Жойғыш ұшақ жасанды зерденің басқаруымен әуеде 17 сағат болып, түрлі маневр жасады.