5G технологиясының қауіпсіздік жүйесіне қатер төндіретіні айтылды
5G технологиясының қауіпсіздік жүйесіне қатер төндіретіні айтылды
2 жыл бұрын 1309 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Roberto Pfeil / Globallookpress.com

Үндістан полициясы 5G технологиясының ел тұрғындарының қауіпсіздігіне қатер төндіретінін әрі қылмыс деңгейін арттыратынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Gadgets360 мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үнді полициясының бұл мәлімдемесі аталған елдің премьер-министрі Нарендра Модидң өзі қатысқан алқалы жиында жасалды. Үнді полициясының мәлімдеуінше, жаңа технологияға қол жеткізу оңай және ашық Интернет протоколдарына негізделген, сондай-ақ, алдыңғы буындардың барлық осал тұстарына ие. Құжатта қылмыскерлердің стандарттың осал тұстарын пайдаланып, оларды ақшаны жылыстату, есірткі саудасы, қару-жарақ сату және т.б. үшін пайдалана алатыны айтылған. Бұдан бөлек, 5G енгізілгеннен кейін миллиондаған IoT құрылғылары желіге тұрақты қосылған кезде кибершабуылдар саны артады. «Кешенді киберқауіпсіздік - 5G тудыратын жаңа экожүйенің жалғыз шешімі», - деді полиция. Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, экожүйе мен желілік инфрақұрылымды құру кезінде сенімді көздерден құрал-жабдықтарды сатып алып, тұрғындар мен тұтынушыларға жаңа технологиялар тарапынан төнетін қауіп туралы ескерту қажет. 2022 жылдың соңында Ericsson сарапшылары 5G қызметін пайдаланушылар саны бір миллиард адамға жеткенін хабарлаған болатын. Салыстыру үшін алсақ, 4G абоненттерінің саны бес миллиардтан асқан.

0 пікір
Мұрағат