24 аптаға дейін жүктілікті тоқтатуды, яғни, аталған мерзімге дейін түсік жасатуды қылмыс санатынан алып тастады
24 аптаға дейін жүктілікті тоқтатуды, яғни, аталған мерзімге дейін түсік жасатуды қылмыс санатынан алып тастады
3 жыл бұрын 2510 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Колумбияның конституциялық соты 24 аптаға дейін түсік жасатуды қылмыс санатынан алып тастады. Бұл жайында islam.kz порталы corteconstitucional.gov.co ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал аталған мерзімен кейін, яғни, жүктіліктің 24 аптасынан соң түсік жасатса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Тек бір жағдайда – аяғы ауыр әйелдің денсаулығы сыр берсе, яғни, жүктіліктен қандай да бір дерттен өміріне қауіп төнсе немесе құрсақтағы шарананың өмір сүріп кету қабілеті төмен болса я болмаса құрсақта жатып өліп қалса ғана түсік жасатуға рұқсат етіледі. Осы уақытқа дейін Латын Америкасындағы аталған елде түсік жасатуға тек аяғы ауыр әйелдің жүктілікпен байланысты өміріне  қауіп төнгенде немесе құрсақтағы шарананың өмір сүріп кету мүмкіндігі жоқ болса, я болмаса аяғы ауыр әйел өз еркімен емес, яғни, біреуден зорлықы жолмен бала кқтеріп қойса ғана рұқсат етілетін. Ал қалған жағдайда түсік жасатқан әйел де, түсік жасаған дәрігер де 16 айдан 54 айға дейін бас бостандығынан айырылатын.

Ұқсас материалдар:

«Түсік жасату заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tusik-jasatu-zandastyryldy-14663/#gsc.tab=0);

«Ұрықтың жүрегі соға бастаған сәттен бастап, түсік жасатуға тыйым салады» (https://islam.kz/kk/news/alem/uryqtyn-juregi-soga-bastagan-satten-bastap-tusik-jasatuga-tyiym-salady-11810/#gsc.tab=0);

«Тек бір себеппен ғана түсік жасатуға рұқсат етілетін заң забылданды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tek-bir-sebeppen-gana-tusik-jasatuga-ruqsat-etiletin-zan-zabyldandy-15700/#gsc.tab=0);

«Түсік пен жасанды жолмен ұрықтандыруды жарнамалауға тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tusik-pen-jasandy-jolmen-uryqtandyrudy-jarnamalauga-tyiym-salyndy-8506/#gsc.tab=0);

«Жасанды жолмен түсік жасатуды заңдастырып жіберді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-jolmen-tusik-jasatudy-zandastyryp-jiberdi-13347/#gsc.tab=0);

«Түсік жасатуға тыйым салуды заңсыздық деп таныды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tusik-jasatuga-tyiym-saludy-zansyzdyq-dep-tanydy-11714/#gsc.tab=0);

"Құрсақтағы шараналарды заңмен адам санатына қосу, құқығын қорғау бастамасы туралы" (http://islam.kz/kk/news/alem/qursaqtagy-sharanalardy-zanmen-adam-sanatyna-qosu-quqygyn-qorgau-bastamasy-turaly-11467/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат