2035 жылға қарай артық салмақтан әлемдік экономиканың шығыны 4 триллион доллардан асады
|
Бұл көрсеткіш 2020 жылы күллі әлемді шарпыған тәжді тажал пандемиясының қаржылық салдарымен бірдей. 2035 жылға таман әлем тұрғындарының жартысынан астамы артық салмақтан зардап шегетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы семіздікпен күрес жөніндегі бүкіл әлемдік федерациясының таяудағы World Obesity Atlas баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілтеген forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Семіздік індетімен байланысты әлемдегі экономикалық шығын жыл сайын 4 триллион доллардан асады, яғни, жаһандық жалпы ішкі өнімнің 3%-ын құрайды, бұл көрсеткішті 2020 жылғы COVID-19 пандемиясының қаржылық салдарымен салыстыруға болады. Осы орайда Санжар Аспандияр атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің профессоры, нарколог дәрігер және психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығының» жетекшісі Сағат Алтынбековтың айтуынша, семіздік пен салмақ қосудың негізгі себебіне энергияны тұтыну мен энергияны шығындау арасындағы теңгерімсіздік, яғни, айырмашылық жатады. Осыған байланысты дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, саламатты өмір салтын ұстану секілді адамны жеке басына қатысты әдеттерді насихаттаудың маңызы зор. Қазақстан республикасының қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығының мәліметі бойынша қазақстандықтардың 20%-дан астамы семіздіктен зардап шегеді. Семіздік өз кезегінде сусамыр, миокард инфаркті, атеросклероз, гипертония, жүрек-қан тамыр аурулары, т.б. секілді түрлі дерттерге шалдықтырады.
Ұқсас материалдар:
«Семірудің ең басты себебі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semirudin-en-basty-sebebi-aityldy-14995/#gsc.tab=0);
«Семіздік індетінің тағы бір себебі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdik-indetinin-tagy-bir-sebebi-belgili-boldy-13342/#gsc.tab=0);
«Артық салмақ қосудың жасырын себебі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/artyq-salmaq-qosudyn-jasyryn-sebebi-17184/#gsc.tab=0);
«Артық салмақтың алжуға ұрындыратын қатері анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/artyq-salmaqtyn-aljuga-uryndyratyn-qateri-anyqtaldy-16395/#gsc.tab=0);
«Жас кезінде артық салмақтан зардап шеккендердің қартайғанда жадысы нашарлайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jas-kezinde-artyq-salmaqtan-zardap-shekkenderdin-qartaiganda-jadysy-nasharlaidy-14977/#gsc.tab=0);
«Семіздікті емдеудің тағы бір тиімді тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-emdeudin-tagy-bir-tiimdi-tasili-paida-boldy-15369/#gsc.tab=0);
"Тәбетті басқару немесе семіздікті емдеу тетігі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tabetti-basqaru-nemese-semizdikti-emdeu-tetigi-tabyldy-15297/#gsc.tab=0);
"Қай тағамға тәбеті тартып тұратынына қарап, адамның денсаулығында қандай кінәрат барын білуге болады – ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-tagamga-tabeti-tartyp-turatynyna-qarap-adamnyn-densaulygynda-qandai-kinarat-baryn-biluge-bolady-galymdar-13925/#gsc.tab=0);
"Семіздікті қауіпсіз жолмен емдеудің тәсілі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-qauipsiz-jolmen-emdeudin-tasili-tabyldy-15256/#gsc.tab=0);
«Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-auyzdyqtaudyn-tiimdi-ari-qauipsiz-tasili-tabyldy-14943/#gsc.tab=0);
«Әлемдегі әрбір 10-шы адам семіздіктен зардап шегеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-arbir-10-shy-adam-semizdikten-zardap-shegedi-14837/#gsc.tab=0);
«Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0);
«Семіруге бастайтын ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semiruge-bastaityn-gen-tabyldy-15874/#gsc.tab=0);
"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0);
«Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-az-uaqyt-ishinde-artyq-salmaq-jinauynyn-bes-sebebi-aitaldy-14827/#gsc.tab=0);
«Ер адамдардың ыстық кезде артық салмақ қосатыны айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/er-adamdardyn-ystyq-kezde-artyq-salmaq-qosatyny-aityldy-17106/#gsc.tab=0);
«Жас ұлғайған сайын салмақ қосу ұзақ ғұмырдың белгісі болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jas-ulgaigan-saiyn-salmaq-qosu-uzaq-gumyrdyn-belgisi-bolyp-shyqty-14812/#gsc.tab=0);
«Салмақ пен қандағы қантты азайтудың жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/salmaq-pen-qandagy-qantty-azaitudyn-joly-tabyldy-18380/#gsc.tab=0);
«Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктері» (https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/adamdardyn-salmaq-tastau-barysynda-jiberetin-qatelikteri-6357/#gsc.tab=0)