2018 жылы әлем елдеріне ортақ жаңа валюта пайда болады деп еді...
2018 жылы әлем елдеріне ортақ жаңа валюта пайда болады деп еді...
7 жыл бұрын 4057 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

1988 жылдың қаңтар айында The Economist мерзімді басылымы америкалықтар, жапондар, еуропалықтар және салыстырмалы түрде кедей елдер ортақ валютаны пайдалануы мүмкін деп жазған еді. Яғни, қазіргі АҚШ долларының орнын басуы мүмкін. Бұл арада жапондардың иені немесе немістердің дойчмаркасы, т.б. турасында сөз болып отырған жоқ. Жаңа валютаның атауы - феникс. Естеріңізге сала кетейік, жаңа валютаның атауы өз-өзін өртеп, артынан қайта тірілетін мифологиялық құс. Осы құстың құрметіне емес, тек оның символикалық мәніне бола жаңа валютаға осындай атау таңылатын болады. Аталған валюта трансұлттық компаниялар мен тұтынушылар үшін қақзіргі уақытта қолданып жүрген ұлттық валюталарға қарағанда әлдеқайда қолайлы болуы тиіс-тұғын. 1987 жылғы сәтсіздік естеріңізде шығар, дамыған елдер билігі  басқаруға, бақылауға оңай айырбастау бағамдарыныа және ақша реформасына ден қойған болатын. Алайда, олардың арасында негіз қалайтын экономикалық саясатта ынтымақтастықтың болмауы нарықты шошытып, бұл өз кезегінде пайыздық үстеменің күрт көтерілуіне түрткі болған еді. Бұл өз кезегінде 1987 жылдың қазан айында қор нарығының күйреуіне алып келді. Бұл кезең "қара дүсенбі" деген атпен тарихта қалды. Әлем экономикасының басы-қасында тұрған АҚШ-ты айтпағанда, Австралияда қор биржасы 41,8%, Канады - 22,5%, Гонконг - 45,8%, Ұлыбритания 26,4% шығынға батты. Бұл жағдай айырбастау бағамына реформа жүргізушілердің арынын басты. Аталмыш мерзімді басылымда әлемдік валютаға көшу автоматты түрде және еш қиындықсыз жүзеге асатыны жазылған болатын. Айта кетейік, валюталық тәуекел болмаса, сауда-саттықтың, инвестицияның және жұмыспен қамтудың артуына ықпал етері сөзсіз. Ал жаңа валютаға көшу сөзсіз тәуекел тудыратын факт. Реформаторлардың жобасы бойынша әрбір ел сұраныс уақытша төмендеген жағдайда салықты және мемлекеттік шығындарды пайдалануы тиіс. Ал өз бюджеттерін толтыру үшін ақша басып шығармайды, кредит алуы тиіс-тұғын. Оның да өз тетіктері белгіленуі керек еді. Алайда, аталмыш басылымның айтқаны қаншалықты расқа айналады, оны алдағы уақытта көре жатармыз.

0 пікір
Мұрағат