2016 жылы Йеменде 10 мыңнан аса бала қырылған
2016 жылы Йеменде 10 мыңнан аса бала қырылған
8 жыл бұрын 2786

Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасөз хатшысы Стефан Дужарик (Stephane  Dujarric) сұмдық мәліметті жария етті. Оның айтуынша, «алдын алуға болатын әрі емдеуге келетін диарея (іштің өтуі) мен  пневмониядан (өкпенің қабынуы) мыңдаған йемендің бала көктей солған. Бұл қасірет Йемендегі денсаулық сақтау жүйесінің күйреуі мен жүздеген медициналық орталықтардың жабылуынан орын алған. Нақтырақ айтқанда, 600-ден аса медицина мекемесі дәрі-дәрмек, генераторларға арналған отыға, т.б. жұмсалуы тиіс қаржы ресурсының тапшылығынан жабылып қалған. Бұған қоса, мыңдаған дәрігер жалақы алмайды, көбісі бұл саладан кетіп қалған. БҰҰ-ның Балалар қорының дерегіне қарағанда, бүлік шығарған хуситтер тайпасы мен Сауд Арабиясы бастаған коалиция арасындағы соғыстан 934 бала қаза тапқан, 1356 бала жараланған. Күніне орташа есеппен 6 бала оққа ұшады екен. Сондай-ақ, 320 мың бала аштық азабын көруде. Бұл өз кезегінде жұқпалы аурулардың алдында балаларды дәрменсіз етуде. Йемендік балалардың 90%-ға жуығы гуманитарлық көмекке мұқтаж.

0 пікір
Мұрағат