2010 жылға дейін шылым шегуден 1 млрд адам қаза табады
2010 жылға дейін шылым шегуден 1 млрд адам қаза табады
4 жыл бұрын 2708 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар дабыл қағып, қасіретті болжас жасап отыр: келесі ғасырдың бас кезінде дейін әлем бойынша шамамен 1 млрд адам шылым шегуден пайда болатын аурулардан опат болады. Бұл бағытта эүргізілген соңғы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, темекі тартатын 100 адамның тек тоғызы ғана шылым шегудің зиянды әдет екенін түйсініп, бұл жат әдеттен арылудың жолдарын іздестірген. Бүгінде күллі әлем бойынша 98 млн-ға тарта адам никотинді өнімдердің қауіпсіздеу түрлерін пайдаланады. Олардың 68 млн-ы – вейперлер. Негізінен олар АҚШ-та, Жапонияда, Қытайда, ресейде, Францияда, Германияда және Мексикада тұрады. Тағы 20 млн шылымқор темекіні қыздыру жүйесін тұтынатын болып шықты. Олардың дені күншығыс елінде тұрады. Аталған арал мемлекетте қауіпті азайтудың баламалы нұсқаларына көшу шаралары арқылы  шылымқорлар қарасы 2016 жылдан бері 32 пайызға кеміген. Қатері төмен өнімдерге артықшылық беретін шылымқорларға қатысты статистикалық деректі әлемде алғаш рет британиялық Knowledge Action Change қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі келтіріп отыр. Аталмыш ұйым әзірлеген «Темекінің зиянын кеміту туралы ғаламдық бастама» (Global State of Tobacco Harm Reduction) деп аталатын құжатта айтылғандай, никотиннің өзінен адам денсаулығына зиян болар-болмас қана, алайда, шылым шегумен байланысты аурулар негізінен шоқтан бөлінетін химиялық заттардан туындап жатады.

Ресми дерек көзі: Global State of Tobacco Harm Reduction

0 пікір
Мұрағат