Бірліктің бекем болса уықтары,
Қазақтың бұзылмайды тұнық қаны.
Патшаның Ұлытауда айтқан ойы:
Ұққанға, болашақ пен ұлт қамы.
Кешегі қасқа маңдай хандар жолын
Жалғауды Елбасымыз ұмытпады.
Айбынын ана тілдің асқақтатып,
Дәстүрді жаңғыртты ғой ғұрыптағы.
Елім деп еміренген Еріміздің,
Қадірін қара сөздің шын ұққаны.
Ұлы бір ойлар айтып Ұлытауда,
Ұлтымның ұлылығын ұлықтады:
Ұлытау – жер кіндігі, ел кіндігі,
Арманы Елбасының – ел бірлігі.
«Еменнің түбі терең болмаса егер»,
Желіккен жұлып кетер желдің бірі.
Мың қосшы бір басшыға сену керек,
Болмайды елден бөлек ердің күні.
Өлшенер Елбасымен ел беделі,
Көштегі тайын алсын, көнбегені...
Алысқа апармайды - алауыздық,
Біздерге бірлік қазір, ең керегі.
«Тілің мен дінің берік болса егерде,
Керегең жайылады кеңге», - деді.
- Көп тілді біздің халық білсін , десе,
«Көшіне өркениеттің ер!», - дегені.
- Дәстүрлі дінімізді ұста, десе,
«Көлденең көк аттыға ерме!», - деді.
Басымыз бір жағадан шықса ғана,
Тасымыз дөңгелейді өрге деді!
Ұлытау – ғұн жайлаған баба мекен,
Киесі Әулиетаудың алабөтен.
«Тарихын танымаған – тау аспайды!..»
Осы сөз ойға салмақ салады екен.
Бөлінген – көрінгенге жем болады,
Би болған бас- басына оңа ма екен?!.
«Қан төгіп келген діннің пайдасы жоқ,
Мейлі парсы, мейлі ол араб екен!
Бақытсызбын дегенге - бақ қонбайды,
Бақыттымын десең бақ жанады екен!..».
Хан айтқан сөзді, ағайын, қара да айтар,
Бірақ та қасиеті бола ма екен?!.
Өмірдің бірі – жарыс, бірі – бәйгі,
Бәйгіде етті бізді ұлың әйгі!
Ұлы ойларын тыңдасаң ұлы адамның,
Көңілің кірлемейді, суымайды.
Көкіректе бір шері болмаса егер,
Көкбөрі көкке бекер ұлымайды...
Көршімен тату болу керектігін,
Ұрпаққа ұқтырмасақ – ұлы қайғы.
Кейбіреу, бүтін елге бүлік салып,
Етпекші сыртқа елдің сырын әйгі.
Мұншама түн қараңғы болсын, бірақ,
Тұмшалай алмайды ғой тұнық айды!..
Ұлытау – бастау болып ұлылыққа- ай,
Әулиетау – болсын, дәйім, тұғыр ұлтқа- ай!
Бірліктің туын биік ұстай білсек,
Көшіміз тірелмейді тығырыққа- ай.
«Аққу, шортан һәм шаян...» күйін кешпей,
Қазағым, жұмылайық жұдырықтай!
Бірліктің бекем болса уықтары,
Қазақтың бұзылмайды тұнық қаны.
Патшаның Ұлытауда айтқан ойы:
Ұққанға, болашақ пен ұлт қамы.
Кешегі қасқа маңдай хандар жолын
Жалғауды Елбасымыз ұмытпады.
Айбынын ана тілдің асқақтатып,
Дәстүрді жаңғыртты ғой ғұрыптағы.
Елім деп еміренген Еріміздің,
Қадірін қара сөздің шын ұққаны.
Ұлы бір ойлар айтып Ұлытауда,
Ұлтымның ұлылығын ұлықтады:
Ұлытау – жер кіндігі, ел кіндігі,
Арманы Елбасының – ел бірлігі.
«Еменнің түбі терең болмаса егер»,
Желіккен жұлып кетер желдің бірі.
Мың қосшы бір басшыға сену керек,
Болмайды елден бөлек ердің күні.
Өлшенер Елбасымен ел беделі,
Көштегі тайын алсын, көнбегені...
Алысқа апармайды - алауыздық,
Біздерге бірлік қазір, ең керегі.
«Тілің мен дінің берік болса егерде,
Керегең жайылады кеңге», - деді.
- Көп тілді біздің халық білсін , десе,
«Көшіне өркениеттің ер!», - дегені.
- Дәстүрлі дінімізді ұста, десе,
«Көлденең көк аттыға ерме!», - деді.
Басымыз бір жағадан шықса ғана,
Тасымыз дөңгелейді өрге деді!
Ұлытау – ғұн жайлаған баба мекен,
Киесі Әулиетаудың алабөтен.
«Тарихын танымаған – тау аспайды!..»
Осы сөз ойға салмақ салады екен.
Бөлінген – көрінгенге жем болады,
Би болған бас- басына оңа ма екен?!.
«Қан төгіп келген діннің пайдасы жоқ,
Мейлі парсы, мейлі ол араб екен!
Бақытсызбын дегенге - бақ қонбайды,
Бақыттымын десең бақ жанады екен!..».
Хан айтқан сөзді, ағайын, қара да айтар,
Бірақ та қасиеті бола ма екен?!.
Өмірдің бірі – жарыс, бірі – бәйгі,
Бәйгіде етті бізді ұлың әйгі!
Ұлы ойларын тыңдасаң ұлы адамның,
Көңілің кірлемейді, суымайды.
Көкіректе бір шері болмаса егер,
Көкбөрі көкке бекер ұлымайды...
Көршімен тату болу керектігін,
Ұрпаққа ұқтырмасақ – ұлы қайғы.
Кейбіреу, бүтін елге бүлік салып,
Етпекші сыртқа елдің сырын әйгі.
Мұншама түн қараңғы болсын, бірақ,
Тұмшалай алмайды ғой тұнық айды!..
Ұлытау – бастау болып ұлылыққа- ай,
Әулиетау – болсын, дәйім, тұғыр ұлтқа- ай!
Бірліктің туын биік ұстай білсек,
Көшіміз тірелмейді тығырыққа- ай.
«Аққу, шортан һәм шаян...» күйін кешпей,
Қазағым, жұмылайық жұдырықтай!
Орындайтын: Құнанбай Байтенов
Сөзі: Бекмұрат Анарбаев