Ұлы математик әл-Хорезмидің әйелдер жайында айтқаны
Ұлы математик әл-Хорезмидің әйелдер жайында айтқаны
1 жыл бұрын 15824

Ғалымдардың ғалымы, математик әл-Хорезмиден (780-850 ж.) әйелдер жайында сұрапты. Сонда әл-Хорезми былай деп жауап беріпті: 

Егер әйел заты иманды-ибалы болса - 1 сан.

Оған қосымша сұлу болса оған бір нөл қос, тең болады - 10.

Оған қосымша бай болса, тағы бір нөл қос, тең болады - 100.

Егер, текті жерден шыққан болса, оған тағы бір нөл қос, тең болады - 1000.

Бірақ, егер, әйелдің бойынан 1 саны жойылса, артта тек нөлдер ғана қалады», - деген екен.

Әл-Хорезмидің бұл сөзі Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына бір хадисінің математикалық көзқараспен түсіндіруі болып саналады, хадисте былай делінеді:

«Әйел баласын төрт нәрсесіне қарап алады:

1) Байлығына;

2) Тегіне;

3) Сұлулығына;

4) Дініне (иманды, ибалылығына қарап).

Сен діндарлысын ал, қолың берекеге толсын!». («Сахих Бұхари»).

 

0 пікір