Хәкім, дана кісілер "туралықта тау іспетті болу керек" деген. Өйткені, тауды:
- От жандыра алмайды.
- Аяз тоңдыра алмайды.
- Жел қозғалта алмайды.
- Сел болса, ағыза алмайды.
Дәл сол сияқты тура жолдағы адам да:
- Әлдебіреулер оған жақсылық жасаса, оның жасаған жақсылығы мұны туралықтан ауытқытпауы тиіс.
- Әлдекімнен жамандық көрсе, онысы мұны ақиқаттан өзгені айтуға жетелемеуі тиіс.
- Нәпсісі мен менмендігі оны Алланың бұйрығынан айнытпауы тиіс.
- Дүниенің өткінші нығметтері Құдайын ұмыттырмауы тиіс (Аллаға бойұсынуына тосқауыл болмауы керек)[1].
[1] «Тәнбиһуль ғофилин».