«Қалтасында көк тиіні жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей».
«Мен ештеңе білмейтіндігімді ғана білемін, бірақ басқалары оны да білмейді».
«Аштық - асқа ең жақсы тұздық».
«Сынақсыз өмір - өмір емес».
«Адамдар неге жақсы іс істеу керек екендігін біле тұра, жаман іс істейді?»
«Жамандық пен жақсылықты айыра білу - даналықтың шыңы».
«Ұнатпаған адамыңнан ештеңе үйрене алмайсың».
«Денсаулық - барлық нәрсе емес, бірақ барлық нәрсе денсаулықсыз ештеңе емес».
«Әлемді қозғалтқысы келетін адам, алдымен өзін қозғалтсын (немесе әлемді өзгерткісі келген адам, алдымен өзін өзгертсін)».
«Сөйлеп басташы, кім екеніңді көрейін!»
«Сұлулық, ол - тақта ұзақ отырмайтын патшайым».
«Жалғыз ғана шынайы даналық бар, ол - әсілінде біздің еш нәрсе білмейтіндігіміз».
«Ештеңеге қарамай үйлен. Егер жақсы жар кездессе, бақытты боласың, ал жаман жар кездессе, философ боласың».
«Күннің бір кемшілігі бар, ол өзін көре алмайды».
«Даналық - көк пен жердің патшайымы».
«Шынын айтсам, неке бәле, бірақ қажетті бәле».
«Қалау құмарым қаншалықты аз болса, соншалықты Құдайға жақынмын».
«Ештеңе істемегеннен гөрі, мақсатсыз болса да бір нәрсе істеген артық».
«Іштарлық - жанның мерезі».
«Әбден тапталған жолмен жүрген кісі жасампаздықты ұмытады».
«Мықты адамдар идеяларды талқылайды, орташа адамдар оқиғаларды талқылайды, ал әлсіз адамдар адамдарды талқылайды».
«Білетініміз - шектеулі, білмейтініміз - шексіз».
«Жанын емдемей тұрып, тәнін емдеймін деме»1.
1«Мудрость мысли» атты youtube каналындағы «Сократ, мудрые цитаты которые стоит послушать!» атты бейнероликтен теріп, аударылды.