1) Сананың деңгейлері.
«Сананың сәрi кезi, алагеуiм кезi, шапақ кезi, шаңқай кезi, бесiн кезi, екiндi кезi, намаздыгер кезi, намазшам кезi, құптан кезi болады».
2) Саны бар сапасы жоқ дегенге қатысты:
«Сапаға айналмаған сан жеме-жемге келгенде сан болудан қалады».
3) Білмекке ұмтылу:
«Бiлмеген мiн емес, бiлместiкке көнген мiн.»
4) Заң жайында:
«Заң дегеніміз – ноқта». «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты».
5) Кеңес заманын аңсау:
«Әлі күнге дейін кешегі империя етігінің темір өкшесін аңсайтындар бар».
6) Демкоратия және бостандық жайында:
«Демократия - жүгенсіздік емес. Бостандық - жүйесіздік емес».
7). Желтоқсан:
«Желтоқсан» - тек Колбинге ғана қарсылық емес. Бұл - империялық қорлыққа, зорлыққа қарсылық. «Мен - қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмай, тілі байланып, аузы буылған азапқа қарсылық".
8) Рух. Өтірік. Бұ дүние. О дүние:
«Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі тандағы басты мақсат. Қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде оңдай қулық өтпейді».
9) Талант:
«Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады».
10) Кітап оқу:
«Мәдениеттің мәйегі – кітап».
11) Пікірталас:
«Ақиқат - адал айтыстан туады».
12) Елу жас:
«Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы.»
13) Арман:
«Орындалған арман - бақыт,
Орындалмаған арман - күйік.»
14) Байлық. Кедейлік:
«Көлдің - тақырға айналуы оңай,
Байдың - пақырға айналуы оңай».
15) Рух. Намыс:
«Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел».