"...Жаман қатын алмаңыз" (Өлең)
"...Жаман қатын алмаңыз" (Өлең)
1 жыл бұрын 2892
Бұхар жырау

Жал, құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз.
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз.

Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас.

Жаман қатын алғаның:
Төркініне бере алмай,
Төсегіне жата алмай,
Тең құрбысы келгенде
Оңды жауап қата алмай,
Жалғанда қор болғаның.

Таудан аққан тас бұлақ,
Тасыса құйыр теңізге.
Қанша малы көп болса,
Бай қуанар егізге.
Жаманнан жақсы туса да,
Жақсыдан жаман туса да,
Тартпай қоймас 
негізге. 

0 пікір