Бұл өмір...
Бұл өмір...
9 жыл бұрын 5384
Ерлан Садуақасұлы

Бұл өмір ұққанға- сабыр мен кешірім!

Ұлықтау мәңгілік Алланың Есімін!

Бұл өмір расында әп-сәттік кезеңдер!

Өткінші, алдамшы, ағын су, өзен-көл!

 

Бұл өмір жылатқан, сорлатқан талайды!

Имансыз өткінші ләззатын қалайды!

Кейбіреу хайуанмен пара-пар сыңайлы!

Ұмытса егер де Жаратқан Құдайды!

 

Мақұлық о бастан шарлаған жер шарын!

Ғайып боп, жоқ болды, адамзат қанша мың.

Бақида күнәһар азаптан қорланса,

Мүміндер жайлайды саясын аршаның!

 

Өмірдің бар мәні, бауырым мінекей,

Мәңгілік жаһұтты жүрміз-ау тілемей.

Адамдық міндетті білмеумен күн кешсек,

Мәнсіз боп өтеді бұл жалған бірегей!

 

Сұм сайтан жасауда азғырып айла, анық

Жүрміз бе, осыған мән беріп, ойланып?!

Ақылмен, иманмен әрекет етпесек,

Кетерміз, бір күні, хайуанға айналып!

2 пікір