Құдайға сенбейтін бірнеше адам, бір атақты жазушымен әңгімелесіп отырған екен. Әңгіме барысында оның дінге жақындығын мысқылдай:
- Алла түйені иненің тесігінен өткізе ала ма? – деп сұрапты.
- Иә. Өткізе алады, - дейді жазушы.
- Түйені кішірейтеді ме, әлде иненің тесігін үлкейтеді ме?
- Түйені де кішірейтпейді, иненің тесігін де үлкейтпейді.
- Олай болса, қалай өткізеді? – дейді олар. Сонда жазушы:
- Көктегі жұлдыздарды сенің көзіңе қалайша сыйдырған болса, түйені де иненің тесігінен оңай өткізіп жібереді, - деген екен. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
islam.kz/
*Әңгімедегі жазушының есімі Нәжіб Фазыл. (Түркия).