Әли ибн Әбу Талибтің өсиеттері
Әли ибн Әбу Талибтің өсиеттері
10 жыл бұрын 5139

Ақиқат білімін іздеу жәннатты іздеумен тең, күнә жолында жорту тозаққа асыққанмен тең.

***

Дүние нығметін сұрасаң Исламнан артық нығмет жоқ. Шұғылданатын іс сұрасаң, ғибадаттан артық амал жоқ. Ғибрат боларлық нәрсе сұрасаң өлімнен асқан ғибрат жоқ.

***

Алла мен пайғамбардың жолын ұстанбаған адам мақұрым қалған адам.

***

Алла үшін адамдардың жақсысы бол, нәпсі үшін адамдардың жаманы бол, адамдар үшін қатардағы біреуі бол.

***

Маған бұл дүниеде үш нәрсе сүйкімді көрінді: қонаққа қызмет көрсету, ыстық күндері ораза ұстау, Алла жолында қылыш сермеп соғысу.

***

Егер де: байлар кедейлерге көмектесіп тұрса, ғалымдар білгендеріне амал қылса, сауатсыздар білмегендеріне тәкаппарлық танытпаса, кедейлер дүние үшін ақыретін сатпаса... мемлекет бүлінбейді.

***

Төрт жағдайда төрт істі істеу қиын: ашу үстінде – кешірім жасау, жоқшылықта – жомарттық таныту, оңашада – күнәдан қашу, өзің тәуелді адамның алдында – шындықты айту. 

***

Адам мына нәрселерден қашық болса, ізгі жанға айналар еді. Олар: надандықтан жиренсе, дүниеқоңыздықты жек көрсе, жақсы мінезден алыстамаса, іс-амалын мақтан үшін істемесе, өз пікіріне ғажаптанып мақтанбаса. 

***

Қорқыныш болмаған намазда қайыр жоқ. Тақуалығы жоқ білімде қайыр жоқ. Жомарттығы болмаған байлықта қайыр жоқ. Сақталмаған туыстық қатынаста қайыр жоқ. Ықыласы болмаған дұғада қайыр жоқ.

***

Алладан шын қорқып жылаған құлдың - күнәлары жуылады, жүрегі кемшіліктен тазарады.

***

Ең жақсы мирас – білім, ең жақсы жолазық – тақулық, ең жақсы әдеп – көркем мінез, ең жақсы байлық – қанағат, ең жақсы тәрбиеші – өлім.

0 пікір