Жоспар және Шайтан
Жоспар және Шайтан
10 жыл бұрын 7419
Қайрат Жолдыбайұлы

Кісінің жоспарсыз, мақсатсыз, жүйесіз өмір сүруі оның бұзылуына, күнәға белшеден батуына жеткілікті фактор. Себебі "Енді не істесем екен"-деп іші пысып, ерігіп отырған адамға шәкең бірден неше түрлі ой салады. Ой салғанда да әдемілеп, безендіріп салады. Ол адамды түрлі ауыр күнәға бірден тартпайды. Шайтанның азғыруына түскен адам бейнебір иірімге түскен шөп-шаламдай ақырындап жұтылады да кетеді. Мысалы, әуелі ғаламтордан жаман суреттерді, кейіннен фильмдерді көрсетеді, одан кейін ғаламторда танысу, қыдыру, ақыр аяғы ауыр күнәға жеткізеді. Ол кінәдан шығу үшін тағы бір күнәні істетеді. Күнәға жақындаған сайын адамның одан қайтуы қиындай түседі.

Ендеше, "Біліп қойыңдар шайтан сендердің ашық дұшпандарың"- деген Құран ескертуі әрдайым жадымызда болғай! Әркүніміз жоспарлы болсын! Мақсатсыз адам жоспарсыз болады. Жоспарсыз кісі жарты жолда кез-келген жаққа бұрылып кете беретін бәтуасыз келеді. Жоспары жоқ мақсатсыз адам өзінен есеп алмайды. Айналасындағы  жетістікке жеткендерді көре алмайтын күңшілдікке ұрынады. Тағысын тағы...

0 пікір