«Адамдар алты нәрсемен мәшғұл болып жатса, сендер алты нәрсемен мәшғұл болыңдар»
«Адамдар алты нәрсемен мәшғұл болып жатса, сендер алты нәрсемен мәшғұл болыңдар»
30 күн бұрын 1836 islam.kz

Ғұлама Әбу Ләйс әс-Самарқанди былай дейді:

«Хәкімдер былай айтқан:

«Көпшілік мына алты нәрсемен мәшғұл болып жатқанда, сендер басқа алты нәрсемен мәшғұл болыңдар:

Егер адамдар көп амалмен мәшғұл болып жатса, сендер көркем амалмен мәшғұл болыңдар.

Егер адамдар мұстахаб істерді істеумен көбірек мәшғұл болса, сендер парыздарды орындаумен мәшғұл болыңдар.

Егер адамдар жария түрде қоғамды дұрыстаумен айналысса, сендер жасырын түрде қоғамды дұрыстаумен айналысыңдар.

Егер көпшілік кісінің айбын тіміскілеумен мәшғүл болса, сендер өздеріңнің айыптарыңмен мәшғүл болыңдар.

Егер көпшілік дүниенің құрылысымен көбірек айналысып жатса, сендер ақыреттің құрылысымен айналысыңдар.

Егер көпшілік адамдардың ризалығын табумен мәшғүл болса, сендер Алланың ризалығын табумен мәшғұл болыңдар.

Алла Тағала ең дұрысын білуші!»1


1 Самарқанди: "Тәнбиһуль Ғофилин". 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз: