Баяғыда жасы 120 жастан асқан, бірақ әлі тың ақсақалдан мұнша ұзақ жасауының және күш-қуатын жоғалтпауының себебін сұрапты бір жас жігіт.
Сонда ақсақал оған:
- Менің күш-қуатымның үш себебі бар:
- Біріншісі - ертеңгі күнім үшін уайым жемеймін (тек иманымды уайымдаймын).
- Екіншісі - ешкімге кек сақтамаймын (кешірімдімін).
- Үшіншісі - бір нәрсе болса, өзімді жегідей жемеймін, - деген екен.
- Ақсақал, маған қандай ақыл айтар едіңіз? - депті жігіт.
Сонда ақсақал оған:
- Білмейтін нәрсеңді әңгіме қылушы болма,кейін білетің нәрсеңді айтқанда сынға қаласың», - деп ақыл айтыпты. Әрі қарай сөзін жалғап:
- Рақмет айту үш деңгейлі:
- Өзіңнен жоғарыға бағыну.
- Өзіңмен теңіңді сыйлау.
- Өзіңнен төменді құрметтеу, - дей келе үлкеннің (ата-анаңның) тілін ал, досыңды сыйла, өзіңнен кішіні құрметте дегенді ұқтырыпты. "Үлкеннің тілін ал" деген сөз Жаратушы Алла Тағалаға бағынуды да ішіне қамтиды. Жаратушы Иемізге шүкір етіп, рақмет айтудың ең төте жолы - Оның бұйырғанын істеп, тыйғанынан тыйылу болып табылады.
islam.kz