СӨЗГЕ БЕРІКТІГІМІЗ ОНІКІНДЕЙ МЕ?
СӨЗГЕ БЕРІКТІГІМІЗ ОНІКІНДЕЙ МЕ?
4 жыл бұрын 4496

Хақ Тағала айтады:

«Берген сөздеріңді орындаңдар, өйткені берілген уәде жауапкершілікті талап етеді». (Исра сүресі, 34).

«Шынайы мүміндер аманаттары мен уәделеріне берік болады». («Мүмін» сүресі, 8 аят).

 

«Сөзде (төрелік айтуда немесе куә болатын кезде) әділ болыңдар, әрқандай жақының болса да. Аллаға берген уәдені орындаңдар. Ғибрат алуларың үшін Алла сендерге осыларды өсиет етеді». («Әнъам» сүресі, 152).

Пенде осы шындықтарға мән беріп, абайлап жүрсе, оның барлық амалдары түзеліп, көркейеді. Өйткені, Аллаға берген сөзіңді орындау – бүкіл өмірді туралықпен және пейіш көркемдігімен өткізу деген сөз. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.а.у.) жалған мен иман бір жерде бола алмайтындығын баян етіп, берген сөзде тұру мәселесіне өте қатты көңіл бөлген. Бұл оның Пайғамбар болмай тұрған кезінде де осылай болған.

Абдулла ибн ӘбильХамса (радияллаһу анһу) айтады:

«Алла елшісімен (с.а.у.) пайғамбар болмай тұрғанда сауда жасадым. Оған қарыз болып қалдым. Біраз күте тұрса, қарызымды дереу әкеліп беретінімді айтып, кетіп қалдым. Бірақ берген уәдемді ұмытып кетіппін. Үш күннен кейін есіме түсіп, әлгі жерге барсам, Ол әлі күтіп отыр екен. Мені сонша күткеніне қарамай, Пайғамбарымыз маған ұрысқағна жоқ. Тек: «Ай, жігітім-ай! Мені әуреледің ғой, үш күннен бері сені осында күтіп отырмыз», - деді де қойды» - деді. (Әбу Дәуід: «Сүнән» - Әдеп. 4996).

Оның сөзге беріктігі және сол сияқты көркем қасиеттері үшін Оны «Мұхаммед әл-Әмин» деп атаған. Тіпті Оған сенбеген, барынша қас болып өткендердің өздері Оны «әл-Әмин» немесе «ас-Садық» деп атайтын. Әбу Жәһіл былай дейтін:

«Сен еш жалған сөйлемедің. Сенің «әл-Әмин» және «ас-Садық» екендігіңе күмәніміз жоқ. Бірақ біз сенің әкелгеніңді (дініңді) қаламаймыз», - деді.

Нәпсі қандай дәу аждаһарға айналып, адамды жұта алады. Бірақ осыншалықты нәпсінің бодауында шырмалғандардың өзі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туралығы мен сөзге беріктігін мойындаған еді. Дұшпандарының өзі мойындаудан басқа шара таба алмаған осындай ұлы қасиеттер бүгінде адамдардың ең үлкен қажеттілігі. Өзімізден өзіміміз әрдайым:

«Ұлы пайғамбарға (үмбет болуға) лайық па сипатың, өмірің?

Дұшпаның мақтауға тұра ма сенің көңілің? – деп сұрап отыруымыз керек.

Осындай рухани дәрежеге жетудің көптеген шарты бар. Олардың басында әрине намаз келеді. Намазды дұрыс, тұп-тұра оқу керек.

Әзіреті Пайғамбарымыздың оқыған намазы барлық жаманшылықтан тыйылуға ықпалы бар, сондай құдіретті намаз болатын. Аятта айтылғандай арсыздық пен жағымсыз істерден тыятын намаз еді оның намазы. Пендені мәңгілік әлемге сапар шектіретін намаз еді. Ықылас пен ниетке толы көз нұрындай еді Оның намазы.

Айша анамыз (р.а.) Оның намазды қайлай оқығандығын сұрағандарға: «Мүбәрак кеудесінен қайнаған қазанның дауысындай дауыс шығатын еді» деген. Бұл Әзіреті Пайғамбардың (с.а.у.) намаздағы Құдайға деген ғашықтығы мен ықыласының бір көрінісі болса керек...

«Ықылас пен тақуалық» атты кітаптан.
Авторы: Осман Нұри Топпаш.

 

 

0 пікір