Америкалық католик шіркеу әкейі Проф.Доктор Крейг Виктор Фентер, орта ғасырда өмір кешкен атақты мұсылман ойшылы, сопы әрі дін ғалымы Мәуләнә Жәләлуддин Румидің даналық тағылымдарынан әсерленіп, мұсылман дініне өткен. Енді оның есімі: «Исмаил».
АҚШ-тың Каролина штатында дүниеге келген 1955-жылғы Виктор Фентер, кішкене күнінен католик мамандығына оқып, кейіннен Лос-Анжелес қаласындағы католик мектебінде пастор болып қызмет атқарады. Шамамен он жылдай қызмет еткен ол, профессор ретінде университеттерде де дін дәрістерін жүргізген.
Кішкентайынан католик сенімін оқып келсе де, ішкі жан дүниесінде бостық пайда болып, католик сенім-негіздеріне қанағаттанбай, өзіне қажетті рухани бір азықты іздеу үстінде еді. 2004 жылы АҚШ-та ұйымдастырылған бір бағдарламада Мәуләнаның 22 ұрпағынан немересі саналатын Есін Челебимен танысады. Румидің тағылымдарымен және жалпы Ислам дінімен таныстығы солай басталған. Кейіннен Есін Челебидің шақыруымен 2005 жылы Коньяға келіп, «Шеб-и Арус» рәсімін тамашалайды. Сондағы рухани атмосферадан қатты әсерленген ол, бір жыл өткеннен соң 2006 жылы мұсылман дінін қабылдайды.
Фото: www.aa com tr
Мұсылман болғаннан кейін Румидің тағылымдарымен етене танысқан ол, Румидің сопылық мектебі саналатын «Мәуләуи» жолының ұстаздарымен жолығып, олардан тәлім алған. Кейін уақыт өте келе Мәулана Румиге жақын болу үшін Коньяға көшіп келуді жөн санаған:
«Менің келуім керек жердің Мәуләнәның жатқан жері - Конья қаласы екендігін іштей сезетінмін. Соңғы жылдары Коньяға жиі келіп-кетіп жүрдім. Өйткені Румиді тануым үшін келуім керек болды. Румидің басқан ізін басып, оның ішкен суынан ішу, мен үшін Америкада болғаннан артық еді. Бір күні бір жас дәруиш менен отбасым жайында сұрады. Мен оған «Әке-шешем қайтыс болып кеткен» дедім. Сонда ол: «Енді біз сіздің отбасыңызбыз» деді. Бұл сөз мен үшін өте қымбат еді. Сондықтан, Коньяға жиі келе беретін болдым. Ақырында мүлдем Коньяға қоныстануды шештім» дейді ол.
Фентер өмірбақи католик дінін насихат етіп келсе де, католик сенімінде оның рухы мен ақылы қабылдай алмайтын белгілі дүниелер бар еді. Фентер оларды өзі қабылдай алмаса да өзгелерге насихат етуін тоқтатпаған. Көп ізденісте жүріп, уақыт өте келе өз-өзіне "бұлай жүргенім болмайды" деп, пасторлық қызметінен біржолата кеткен. Сөйтіп ән айтумен айналысып көрген. Алайда музыка жүрегіндегі бос алаңды толтыра алмаған. Кейін Румидің тағылымын насихаттаушылардың жиналысына барып, Есін Челебимен танысып, онымен сұхбаттасқан. Өзі үшін көп жаңа дүниелерді ашқан Фентер сұхбаттан көп әсерленген. Іздеген нәрсесін тапқандай күй кешкен. Соңында Алла һидаят беріп, мұсылман болу құрметіне лайық болған.
Фото: www.aa com tr
Мәуләнә Руми деген кім?
Мәуләнә Жәләлуддин ар-Руми хижри Миләди 1207-1273 жылдары арасында өмір кешкен ойшыл, сопылық жолының өкілі, ғалым. Толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Хусейн әл-Белхи. Лақап аттары: Жәләлуддин. Мәуләна. "Мәулана" деген ат ол кісіге жас күнінде, медреседе ұстаз болып жүрген кездерінде тағылады. Кейіннен бұл атауды жалпы жұрт тарапынан құрмет ретінде қолданылып, өз есіміндей болып кетеді.
Руми кішкене күнінде Әзіреті Мәуләнаның әкесі Бахауддин Уәләд үлкен дін ғалымдарының бірі саналатын. Ол өзінің уағыздарында Хорезмшах Алауддин Мұхаммедті сынағаннан соң билік пен арасы суып, ақыры дұшпандары тарапынан «көтеріліс жасамақшы» деген жала тағылып, Хорезмшах одан Хорасан аймағынан кетуін талап етеді. Ол уақытта Мәуләнә бес жасында болған.
Әкесі отбасын алып, Хижаз аймағына жол тартады. Жол-жөнекей Бағдад, Куфа т.б. көптеген қалаларға жолшыбай соғып өтеді. Хижри 614 жылы Анадолу аймағаны келеді. Ол жерде Малатя, Сивас, Ерзинжан, Ақшеһир сияқты елді-мекендерде тұрақтап, ақыр соңында Сельжук мемлекетінің патшасы Сұлтан Алауддин Кейкубадтың шақыруымен Кония жеріне орналасады. Конияға келгендерінде Мәулананың жасы он төртте болған екен.
Мәуләнә Руми Шам және Халеп қалаларындағы медреселерде дәріс оқып, араб тілі мен әдебиеті, тіл ғылымы, тәпсір, хадис, фиқһ сияқты ғылымдарды жетік меңгереді. Сондай-ақ, ақли және нақли ғылымдарға байланысты «ижаза» (диплом іспетті куәлік) алады. Сирияда жүрген шағында Мұхиддин Ибнуль Араби, Саъдуддин Хаммуйя, Осман Руми, Әухадуддин Қирмани сынды атақты кісілермен кездесіп, біраз уақыт олардың сұхбатында болады.
Конияға орналасқаннан кейін әкесі «Алтын апа» медресесін ұстайды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Мәулана әкесінің орнын басып, медреседе сабақ бере бастайды. Шариғат ғылымын жетік меңгерген Мәулана бірнеше медреседе мұдарристік (дәріс беруші ұстаз) міндетін атқарады. Шамамен миләди 1244 жылдары рухани ұстазы Әзіреті Шәмсуддин Тәбризиді жолықтырып, адамның рухани әлемін байытудың сырын зерттеуге өзін толығымен арнайды. Әзіреті Мәуләна 1273 жылы, 17 желтоқсанда бақиға аттанады. Қабірі қазіргі Түркия елінің Конья қаласында орналасқан. Артында «Мәснәуи» атты еңбек қалдырады. Бүгінде оның бұл еңбегі әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, АҚШ жерінде, 2007 жылғы ең атақты ақын ретінде, ал 2003-2014 жылдары кітабы ең көп сатылған автор ретінде танылған. Рухы пейіште шалқысын, абыздың!
Дайындаған islam.kz