Бұхара қаласының тарихы екі жарым мың жылдан асады. Аты аңызға айналған Соғды жерінің шетінде гүлденген бұл оазис Памир жоталарынан Қызылқұм құмдарына өмір нәрін әкелетін Зеравшан өзенінің арқасында пайда болды.
Мири Араб медресесінің орнаменті: depositphotos/nmessanaҚұтайба ибн Муслимнің жауынгерлеріне бағынғаннан кейін, Бұхара көп ұзамай ислам мәдениетінің орталығына және рухани білімнің қайнар көзіне айналды. Саманидтердің керемет астанасы атағы мен сән-салтанаты жағынан Бағдадтан кем түспейтін. Делиден Кордоваға дейінгі ислам әлемінің ұлан-ғайыр аумағында Мұхаммед ибн Исмаил әл-Бұхариден беделді хадисші және Әбу Әли ибн Синадан атақты дәрігер болмады.
Бұхарадағи Магоки-Аттори медресесі: depositphotos/leonid_andronov
Қайта өрлеу және Өзбек династиясы
Моңғол шапқыншылығы басталғанда Бұхараның даңқы сөніп, қала бірнеше рет тоналды. 1333 жылы Бұхарада болған Мағриб саяхатшысы Ибн Баттута қаланың құлдырау кезеңінде болғанын былай сипаттайды: «Оның мешіттері, медреселері мен базарлары, санаулы бірен-саранын айтпағанда, түгел қирап қалған, ал тұрғындары қорланған, олардың куәлігі Хорезмде және басқа елдерде қабылданбайды».
Алайда, өзеннің арнасы қаншалықты иірімді болса да, су әрқашан түзу ағады. Тиімді жерде орналасуының арқасында Бұхара шахары бірте-бірте жанданып, қайтадан сауда-саттықтық маңызын иеленді. Ұлықбек Мауераннаһрдың әкімі болған кезде Бұхарада сарайлар, мешіттер, моншалар салынды, мыс монеталар соғылды. 1417 жылы Ұлықбектің бұйрығымен қалада Ұлықбек медресесі салынды, бұл көне медресе. бүгінгі күнге дейін сақталған.
Ұлықбектің медресесі. Бұхара. depositphotos/demerzel21
Бұхараның нағыз гүлденуі - өзбектердің Шайбанидтер әулетінің билігіне өткеннен кейін басталды. Шайбани ханның немересі, Жошы ханның тікелей ұрпағы Мұхаммед Шайбани Дешті қыпшақтың шығысындағы өзінің атасы Әбілхайырдың жерлерін біріктіргісі келіп, көзін Түркістан мен Мәвераннахрға тікті. Мұхаммед Шәйбәни жас күнінде Бұхарадағы медреселердің бірінде оқыған еді, сондықтан да ол Тимуридтер арасындағы алауыздықты жақсы білді. 1501 жылы Самарқандты басып алған ол, араға он жыл салып 1510 жылы Исмаил Сефевидің әскерімен шайқаста қаза тапты.
Гиждуван Шайқасы Және Убайдулла хан
1511 жылы Мұхаммед Бабыр қызылбастардың қолдауымен Самарқанд пен Бұхараны қайтарып алғанымен, шииттік доктринаны қабылдағаны үшін, халықтың қолдауынан айырылды. Мұхаммед Шайбанидің мұрагері әрі немере інісі Сүйіншқожа хан шаһпен бітімге келуден бас тартты. 1512 жылы өзбектер Бабырдың әскерін талқандап, билікті қайтарды. Сол жылдың қараша айында Гиждуван түбіндегі жеңіс қызылбастардың Мауераннаһрға енуін тоқтатты және Бабыр мен Шайбанидтер арасындағы текетіреске нүкте қойды.
Арк кесенесі, Бұхара.: depositphotos/alexshuman
Бұхараның әкімі болып Құранды жетік білетін, талантты ақын, ғалымдардың қамқоршысы, Гиждуван шайқасының жеңімпазы Убайдулла хан тағайындалды.
«Тарих-и Рашиди» авторы Убайдулла хан туралы: «Ол діндар мұсылман, тақуа және ұстамды болған. Діни, мемлекеттік, әскер және халыққа қатысты барлық мәселелерді шариғат заңына сәйкес шешкен және одан бір тал ауытқымаған. Батылдық орманында батыл арыстан, жомарттық теңізінде маржан қабығындай болған» деп жазады.
Арк кесенесінің қабырғасы: depositphotos/mathes
Мири Араб медресесінің құрылысы
Убайдулла ханның тұсында Бұхара түрленіп, қала сәулеті қайта жанданды.
• Кәлән мешіті: Шамамен 1514 жылы Қараханид Арслан хан кезінде салынған бұл үлкен мешіт қайта жөнделді. Убайдулла ханның бұйрығымен мешіттің қасбеті керемет пештақпен (үлкен аркалы қақпа) безендіріліп, жаңа михраб орнатылды.
• Мири Араб Медресесі: Мешіттің қарсы бетінде көлемі жағынан Ұлықбек медресесінен асып түсетін Мири Араб медресесінің құрылысы басталды. Ол ықпалды нақшбандия шейхы Қожа Ахрардың шәкірті, йемендік Әмір Абдулла әл-Яманидің (Мири Араб) құрметіне аталған. Медресе шамамен 1520 жылдары басталды. Оның құрылысын аяқтауға Убайдулла хан парсы тұтқындарын сатудан түскен қаржыны жұмсаған.
Калян мешітінің ауласы: depositphotos/panthermediaseller
Мешіттің (Кәлән мешіті) қарсы бетінде көлемі жағынан Ұлықбек медресесінен асып түсетін Мири Араб медресесінің құрылысы басталды. Медресе Йеменнен шыққан, ықпалды нақшбандиялық шейх Қожа Ахрардың шәкірті және Убайдулла ханның рухани ұстазы болған Әмір Абдулла әл-Яманидің (Мири Араб) құрметіне аталған.
Медресе Мири Араб в Бухаре: depositphotos/alexela
Мири Араб медресесі – Бұхараның басты көрікті жері саналатын Пои Кәлән архитектуралық кешенінің бір бөлігі. Бұл кешенге сондай-ақ Кәлән мешіті, Кәлән мұнарасы және Әмір-Әлімхан медресесі кіреді.
Мири Араб медресесінің бас фасады - Кәлән мешітінің фасадының дәл қарсысында орналасқан. Оның ортасында терең қуысы бар, әсем безендірілген және асқақ үлкен аркалы қақпа тұр. Бас фасадтың екі шетінде массивті, жартылай цилиндр пішінді мұнаралар орналасқан.
Пой Кәлән мешітінің кешені, Бұхара.: depositphotos/yuliab
Мири Араб медресесі Бұхараның басты назары — Пои Кәлән архитектуралық ансамблінің бөлігі болып табылады. Оған сонымен қатар Кәлән мешіті, Кәлән мұнарасы және Әмір-Әлімхан медресесі кіреді.
Медресенің ішіндегі үлкен залда оң жағында мешіт, ал сол жағында шейх Абдулла әл-Яманидің және мүдәрріс Мұхаммед Қасымның мәрмәр қабірлері бар кесене (усыпальница) орналасқан. Екі бөлме де көк тақтайшалармен қапталған биік күмбездермен көмкерілген.
Мири Араб медресесінің күмбезі: depositphotos/nmessana
Ішкі ауланы студенттерге арналған 111 хужрасы (бөлмесі) бар екі қабатты галерея қоршап тұр. Медреседе оқу - абыройлы іс болды, онда оқитын шәкірттер тұрғын үймен, тамақпен және стипендиямен қамтамасыз етілді.
Пои Кәлән мешітінің кешені, Бұхара: depositphotos/panthermediaseller
Қазіргі замандағы маңызы
Мири Араб — Орталық Азиядағы жұмыс істеп тұрған ең көне медресе. Оның қызметі 1920-шы жылдардың басында, Қызыл Армия әскерлерінің Бұхара әмірлігін басып алғаннан кейін тоқтатылған еді. Алайда, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында дінге деген көзқарас өзгеріп, мешіттер қайта ашыла бастағанда, имамдар тапшылығы туындады.
1945 жылы қадірменді шейх Ешон Бабахан ибн Абдулмажидханның еңбегімен Мири Араб медресесі қалпына келтіріліп, «мұсылмандық орта оқу орны» мәртебесін алды.
Мири Арабтың ең атақты түлектерінің қатарында: Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Ратбек Нысанбаев және қазақтан шыққан дін ғалымы мархұм Абдулла қажы Жолдас, сондай-ақ, Шешен Республикасының экс-президенті Ахмат Қадыров, Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин және т.б. белгілі дін ғұламалары бар.
Дереккөз: e-minbar.com/, орыс тілінде.