Өмірін Құранға арнаған Абдулла ибн Касир
Өмірін Құранға арнаған Абдулла ибн Касир
10 жыл бұрын 5824
Бақ БЕР

Көбіне Имам Ибн Касир деген атпен танымал ол табиғин кезеңіндегі Меккелік әйгілі қырағат ғалымдарының бірі. Алла тағаланың кәламы болған Құран кәрімнің қырағатын (оқылуын), Пайғамбарымыздың оқығанынан айнытпай жеткізген  ғалымдардың екіншісі. Аты Абдулла ибн Касир ибн Мұттали. Лақабы Әбу Сайыд немесе Әбу Мұхаммед. Әбу Бәкір немесе Әбус-салт дегенде лақап есімдері бар. «Дари» лақабымен танылған. Себебі, «аттар», яғни жұпар иістер сататын. Арабтар аттарға Дари дейтін. Бахрейнде бар әрі Дарин делінген иісі әкелінетін жердің атауы. Басқа риуаяттар да білдірілді. Отбасы негізінен Ирандық. Кисра әкелерін кемемен Йеменнің Сана қаласына жіберген. Эфиопиялықтардың өздерін осы жерден кетіргендіктен, Меккеге көшкен. Имам Ибн Касир 45 (милади 665) жылы Меккеде туды. Ол жерде сахабалардың және табиғинның ұлықтары Абдулла ибн Зүбейір, Халид ибн Зейд Әбу Әюб Ансари, Әнас ибн Малик, Мүжахид ибн Жабр мен Абдуллаһ ибн Аббастың құлы Дербастан ілім алды. Әрбірінен риуаят жеткізді. Құран кәрімнің қырағатын арз жолы арқылы Абдулла ибн Саибтен алды. Яғни, басынан соңына дейін оқып хатым етті. Абдуллаһ ибн Саиб те, Үбәй ибн Қағыбтан, ол Қағыбтан, ол хазірет Омар ибн Хаттабтан қирағат етті. Бұл оқу Зейд ибн Сабит пен Абдулла ибн Аббас секілді сахабалар арқылы пайғамбарымыздан білдірілген. Ислами ілімдердің бірі қырағат ілімі. Осы ілім арқылы Құран кәрімнің оқуы өзгеріс пен ауытқушылықтан сақталған. Имам Ибн Касир мен басқа да қирағат ғалымдары Құран кәрімнің оқылуын забт мәселесінде барынша мұқияттылық танытқан. Пайғамбарымыздың оқығаны секілді мұсылмандарға үйреткен. Сахабалардың және үлкен қирағат ғалымдардың орасан еңбегінің арқасында Құран кәрімнің Пайғамбарымыздың қирағат еткені секілді оқылуы мәселесі барынша нық әрі орнықты түрде сақталған әрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге дейін еш өзгеріссіз келген. Бұл оқылу түрі иншалла қияметке дейін осылай жалғасатыны сөзсіз.

Ибн Касир Құранды өте әдемі оқитын. Дауысы жағымды әрі қирағат білімі жоғары болғандықтан, оқығанда әр сөзді әр әріпті нықтап оқитын. Құран кәрімнің әдеби көркемдігін, терең мағыналарын ашып оқуда дауыс ырғағы тіпті ерекше еді. Ол Мекке халқына ғылымда да, Құран оқуда да үлгі болатын. Құран оқуды үйренгісі келетіндер соның маңайына жиналатын.

Ибн Касир тілге бай, сөзге шешен кісі еді. Сөздері әсерлі болатын. Ақ сақалды, бойы ұзын, ірі денелі келген, бидай өңді келбетті жан еді. Сақалын қынаға бояйтын. Жүріс-тұрысынан байыптылық пен байсалдылық байқалатын. Ілімі мен артықшылықтары көп болатын. Көптеген адамдар өзінен ілім үйреніп, қирағат пен хадис риуаятын жасаған. Өзінен қирағат риуаят еткен екі кісі бар еді: Имам Құнбул мен имам Базри.

Имам Ибн Касирдың бірінші рауиы Құнбулдың аты Мұхаммед ибн Абдуррахман ибн Халид ибн Мұхаммед әл-Махзуми еді. Ныспысы Әбу Омар, лақап аты Құнбул еді. 195 (милади 810) жылы Меккеде дүниеге келді. 291 (милади 903) жылы сол жерде өмірден озды. Хижаз аймағындағы қирағат ғалымдарына әрі басқа да ғалымдарға ұстаз еді. Құран кәрімнің қирағатын арз жолы арқылы Ахмед ибн Мұхаммед ибн Аун Нәбалдан алған. Өзін Меккеде қирағат үшін тағайындап кеткен де сол кісі еді. Басқа да көптеген ғалымдардан Құран кәрімнің қирағатын үйренді. Ибн Кәсирден білдірілген қирағатты да сәнәд арқылы риуаят еткен. Өйткені ол Қаууастан, ол болса Қасттан, ол Ибн Касирден риуаят еткен. Хижаз аймағында Құран кәрім қирағаты Құнбулға сүйенеді. Әр жақтан әр қала мен елден ірілі-ұсақты көптеген шәкірттер Алланың кәламын оқу, үйрену әрі жаттау үшін оған келіп, қызмет атқарып, жоғарғы дәрежелерге жететін.

Әбу Абдуллаһ Құсса былай деуде: «Имам Құнбул Меккеде үлкен міндет атқарды. Өйткені бұл қызмет әлбетте игілікті әрі парасатты жандардың біріне берілетін. Осы себепті жасаған ісі мен соған тән үкімдері шынайы әрі мықты болатын. Құнбул да уақытында ғылым мен өзге де қасиеттерді бойға жиған парасатты ғалым болғандықтан, Меккеде осы қирағатты алып жүру ісін соған тапсырған болатын. Имам Захаби былай деуде: «Бұл қызметке орта жасында бастады. Қызметін әдемі алып жүрді, адамгершілік қасиеттері де жоғары еді. Жасы егделенгендіктен осы қызметті өмірінің соңғы жеті я он жылдығында қойды. 291 (милади 903) жылы қайтыс болды».

Оған Құнбул лақабының берілу себептерінде талас бар. Кейбірі есімі сол екенін айтты. Кейбірі Мекке тұрғындары «Қанабил, құнбулдықтар» деген үйден тараған дегенді алға тартты. Енді біреулері сиырлардағы кеселдің емінің аты, дәрігерлер бұны біледі десті. Бойында сондай кесел болғандықтан, осы емге жүгінгендіктен соңынан қысқартылып, қысқаша Құнбул делінген десті. Имам Құнбулдың білдірген қирағаты Ибни Мүжахид пен Ибн Шанбуз жолымен білдірілген.

Имам Ибн Касирдың екінші рауиы Беззидің аты Ахмед ибн Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Қасам ибн Нафи ибн Әбу Базз. Меккедегі қирағат имамдарының бірі әрі Харам мешітінің азаншысы болатын. 170 (милади 786) жылы туылды, 250 (милади 864) жылы қайтыс болды. Ілімі күшті, көп білетін ғалым еді. Әкесінен, Абдуллаһ ибн Зиядтан, Икрима ибн Сүлейменнен және Уахаб ибн Уадихадан қирағат үйренген. Өзінен де көптеген адамдар Құран кәрім қирағатын үйреніп, риуаят еткен. Ибн Касирден жеткен қирағатты сәнәд жолы арқылы риуаят еткен. Өйткені Имам Беззи, Икримадан, ол Қасттан, ол Ибн Касирден риуаят етті. «Беззи» мата сататын жан деген мағынаны білдіреді. Басқа риуаяттар да жоқ емес. Имам Беззидің қирағаты Әбу Рабиға мен Ибнул Хаббаб жолы арқылы риуаят етілген.

 

1) Mифтахус саада том-2, б. 15, 16, 30

2) Әл Бурхан фи улумил Құран. Том. 1, б.327

3) Будуруз захира б. 6

4) Mәнахилул ирфан. Том 1, б. 45

0 пікір