Мұсылман астрономы және математик әл-Баттани жайында (ІХ ғасыр)
Мұсылман астрономы және математик әл-Баттани жайында (ІХ ғасыр)
2 жыл бұрын 2535

Әл-Баттани - ортағасырлық Еуропада «Альбатегниус» деген латынша атауымен танымал көрнекті мұсылман астрономы және математигі. Оның астрономия мен тригонометрия саласындағы жаңалықтары орта ғасырлардағы ғылымның дамуында маңызды рөл ойнады.

Әл-Баттани 858 жылы Месопотамияның солтүстігіндегі, қазіргі Түркияда орналасқан көне қала - Харран қаласында дүниеге келген. Сабии дініндегілер сонда тұрып, Харан деп аталатын жұлдызға табынатын. Бұл бұкіл бір қауымдастықтың астрология мен астрономия саласын зерттей бастауына әкелді. Сабийліктер әлемге ұлы астрономдар мен математиктерді шығарды, олардың арасынан көрнекті ғалым Сабит ибн Курраны атасақ болады. 

Әл-Баттани алғаш рет Харранда атақты ғалым әрі шебер аспап жасаушы болған әкесі Жабир ибн Синаннан білім алды. Сонымен бірге, ол Сирияның Ракка қаласында қосымша білім алды.

Әл-Баттани Антиохия мен Ракка қалаларында таңғажайып нақты астрономиялық бақылаулар жасауымен танымал болды. Ракка қаласы халифа Харун ар-Рашидтің заманында өркениетті қала атанған болатын. Харун Рашид онда бірнеше сарай салғаннан кейін, Ракка гүлденген қалаға айналды. Әл- Баттанидің ғылыми зерттеулерінің көбі осы Ракка қаласында жүзеге асты. 

Әл-Баттанидің негізгі жетістіктері 

Әл-Баттанидің жетістігінің көбі - математика саласында бой көрсетті. Ол мұндай жетістікке бүгінде қолданылып жатқан тригонометриялық қатынастарды қолдану арқылы қол жеткізді. Ол Птолемей қолданған геометриялық әдістердің орнына тригонометриялық әдістерді қолдана бастады. Әл-Баттани математика ғылымында «грек хордасының» орнына синустарды қолданған алғашқы ғалым болып саналады. Сонымен қатар, ол котангенттердің (котангенсы) кестелерін дәрежелерімен құрастыру арқылы котангенттерді ғылымға алғаш рет енгізді. 


( astronomiaycosmos.blogspot.com / Исламсфера)

Венгр өнертапқышы және инженері Йозеф Хелл «Тригонометрия саласында синус, косинус және тангенс теориясы арабтардың мұрасы» деп атап өткен. Оның ойынша, тригонометрия мен астрономияның мұсылмандар өмірінде үлкен рөлі болды. Себебі, осы білім салаларының дамуының арқасында мұсылмандар жер бетіндегі тұрған орындарын дәл есептеп, Меккеге бағытталып намаз оқи алған еді. 

Әл-Баттани 489 жұлдызды каталогқа түсірген ғалым. Сондай-ақ, күн жылында қанша күн, қанша уақыт барын алғаш есептеп шығарды. Әл-Баттанидің есебі бойынша, бір жылда - 365 күн, 5 сағат, 48 минут және 24 секунд бар. Оның бұл есебінде - кейінгі ғасырлардағы телескоптар мен атомдық сағаттар арқылы есептелген уақыттан бірнеше минут қана айырмашылық бар. 

Әл-Баттани күннің сақиналы тұтылуы мен толық тұтылу мүмкіндігін дәлелдей келе, жердің Күнге дейінгі қашықтығының өзгеріп отыратындығын көрсете білген.

Әл-Баттанидің ғылымға қосқан үлесі

Әл-Баттанидің «Китабуз-Зидж» («Астрономиялық кестелер кітабы») атты еңбегі 1116 жылы Платон Тивол тарапынан латын тіліне ««De Motu Stellarum» («жұлдыздардың қозғалысы») деген атпен тәржімаланады. Әл-Баттанидің бұл еңбегі Галилей, Коперник, Тихо Браге, Кеплер сынды европалық білім адамдарына көп әсерін тигізген. Тіпті Коперник өзінің «Аспан сфераларының қозғалысы» атты еңбегінде («De Revolutionibus Orbium Clestium») оған қарағанда күннің қозғалысын дәлірек өлшей алғаны үшін әл-Баттаниге алғысын білдірген.


(Әл-Баттанидің «Китаб әл-зиж» кітабының 1645 жылғы латын тіліндегі аудармасынан алынған беттер / Дереккөз: milstone-books.de / Исламсфера).

Осы тұрғыда айта кететін маңызды жайт: қазіргі заманауи GPS жүйесі – 9-ші ғасырда әл-Баттанидің ғылымға енгізген тригонометриялық тәсілдеріне негізделеді.

Әл-Баттанидің қазіргі ғылымға қосқан үлесі орасан зор. Оның ғылымға сіңірген еңбегі үшін Айдағы картерді «Альбатегний» деп атап, әл-Баттанидің есімі берілген1.


1islamosfera ru

0 пікір