Академиялық мантияның шығу тарихы мұсылмандардан бастау алады!
Академиялық мантияның шығу тарихы мұсылмандардан бастау алады!
2 жыл бұрын 2471

Бүкіл әлем студенттерінің диплом табыстау рәсімінде киетін «академиялық мантия» киімінің шығу тарихын көп жерде орта ғасырлық Европа кезеңіне қатысты етіп жатады. Бірақ оның негізгі шығу тарихының мұсылман университеттерінен бастау алатындығын көбіміз білмейміз. Бұл киім үлгісінің Орта ғасырда бұрынғы Арабтық Андулусия жеріндегі (қазіргі Испания мен Партугалия) университеттерден бастау алатындығын айтатындар бар. Көкейге қонымдысы да осы дер едім. 

Неге десеңіз, орта ғасырлық европада Араб Андулусиясында бой көрсеткін «Мұсылман университеттері» - Европадағы ең мықты және әркімнің қолы жете бермейтін бірегей білім ошағы болып саналатын. Оған Франциядан, Италиядан, Полониядан студенттер келіп оқитын. Және де олар оқу орнын бітіріп, елдеріне ораларда Араб Андулусиясынан оқып келгендіктерінің белгісі ретінде үстеріне арабтың қара шапанын киіп келеді екен. Осылай олар «шетелден оқып келдім» дегеннің нышаны ретінде, жергілікті оқу орындарын аяқтаған өзге студенттерден ерекшеленіп мұсылман-араб дәстүріне сай, қара шапан киіп алатын болған.

Кейіннен «қара шапан кию» дәстүрі ең мықты оқу орнын бітіріп шығудың нышаны ретінде Европа университтеріне де енген. Уақыт өте келе "акедемиялық киім үлгісі" болып бүкіл әлемге тарайды. Міне, бүгінде «академиялық мантия» деп атап кеткен студенттердің бұл киім үлгісі мұсылман-арабтардан бастау алады екен.

Заманның аумалы-төкпелілігіне қарасаңызшы! Кезінде мұсылман араб жерлері бұрқ-бұрқ қайнаған ғылым ошағы болғандығына қазір кім сенеді? Қаншама ұлы ғұламалар туындаған! Европада екі ғасырда бірегей ғалым ретінде бір Энштейн ғана туындаған болса, «мұсылмандық ренессанс» дәурінде бірнеше Энштейндер ғасырына туындап отырған десек артық айтқан болар ма екенбіз. Әл-Фараби, Ибн Сина, Хорезми, Бируни, Ибн Рушд, Туси, Зәһрәуи т.т. Олардың бәрі өз заманының бірігей ғұламалары-тұғын. Мұсылман әлемінде «Мұсылмандық ренессанс» дәуірі жүріп жатқан шақта, мұсылман ғалымдары ұшу апаратын жасап шығару жолында бас қатырып жатқанда, Европада «шомылуды күнә мә, жоқ па» дегенді талқылап жатқан болатын. Ее, заманай-ай, десеңізші!

Абдусамат Қасым

0 пікір