Кейбір ардақты сахабалардан жеткен риуаятта былай делінген:
«Зинаға мүлдем жоламаңдар! Шынында зинаның алты зардабы бар. Оның үшеуі осы дүниеде, қалған үшеуі о дүниеде алдыңнан шығады.
Бұ дүниедегі үш зардабын айтар болсақ:
- Ризық-несібенің кемдігі. Яғни, ризық-несібесінен береке қашады.
- Жақсылықтардан мақрұм болады.
- Адамдардың жүрегінде оған деген жек көрініштік пайда болады.
О дүниедегі үш зардабы төмендегінше:
- Құдай Тағаланың ашуына тап болады.
- Есеп-қисаптың тым ауырлығы
- Тозаққа кіру.[1]
islam.kz
[1] Әбу Ләйс әс-Сәмарқанди: «Тәнбиһуль Ғофилин». 265 бет. «Даруль Манар». Каир-Мысыр, 1995 ж.