Көптеген адамдар өмірлерінің әлдебір кезеңінде қаржылық берешек жағдайына тап болып жатады. Бұл ешкімге де жағымды емес, бірақ осы жағдайдың өмірімізде орын алып жататыны өтірік емес. Әрине, бұл жерде пайыздарымен және дінге қарама-қайшы келетін мақсаттарға жұмсалатын несиелер меңзеліп отырған жоқ.
Төменде cүннетке сай қарыз ауыртпалығынан тезірек құтылудың жеті жолын келтіреміз:
1. Қарыздан тезірек құтылу үшін айтылатын дұға.
Сахаба Әнәс (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.у.) әр намаз соңында, сәлем берудің алдында, қарыз үшін Алладан пана сұрайтынын жеткізген. Неліктен мұны жиі жасайтынын сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.у.) былай жауап берген: «Адам қарыз алғанда, өтірік айта бастайды және өз уәделерін бұзады».
Дұғасының сөздері келесідей еді:
اللّٰهُمَّ إني أعُوذُ بِكَ مِنَ المأْثَمِ وَالمَغْرَم
Аллахумма инни аузубикя миналь масами уал-маграм
Уа, Алла, күнә мен қарыздан Сенің қорғауыңды сұраймын.
2. Алла Елшісі (с.а.у) Муаз ибн Жабалға (р.а.) қарыздарынан құтылу үшін келесі дұғаны үйреткен:
اللهُمَّ مالِكَ المُلْكِ، تُؤْتِي المُلْكَ مَنْ تَشاء وَتَنْزِعُ المُلْكَ مِمَّنْ تَشاءُ، وَتُعِزُّ مَنْ تَشاءُ وَتُذِلُّ مَن تَشاءُ بِيَدِكَ الخَيرُ، إنَّكَ علٰى كُلّ شَيءٍ قَدير، رَحْمٰنَ الدنيا وَالآخِرَة تُعْطِيهِما مَنْ تَشاءُ وَتَمْنَعُ مِنْهُما مَنْ تَشاء، اِرْحَمْنِي رَحْمَةً تُغْنِيْنِيْ بِها عَنْ رَحْمَةِ مَنْ سِوَاكْ
Аллахумма Маликаль-Мульк, тутиль-мулька ман таша-у уа танзи уль-мулька мимман таша у уа ту’иззу ман таша-у, уа тузиллю махташа-у, бийядикаль-хайру иннакя аля кулли шайин кадир. Рахмана д-дунья уаль-ахыраки ту’тихима ман таша-у уа тамна’у минхума ман таша-у ирхамни Рахмата м-мин индик тугнинибиха ар-Рахмати м-ман сиуак.
Уа, Алла, Сен құдіретке иесің. Сен қалағаныңа билік бересің әрі қалағаныңнан оны аласың және де Сен қалағаныңды құрметке бөлейсің. Бар нығмет Сенің қолыңда. Расында, Сен кез келген нәрседен мықтысың. Сен күнге өтетін түнді жараттың, түнге өтетін күнді жараттың. Сен жансыздан жанды жасайсың әрі қалағаныңды жансыздандырасың. Және де Сен қалағаныңа шексіз ризық пен байлық сыйлайсың. Уа, осы және келесі дүниенің Қайырымдысы, Сен Өз Мейіріміңді қалағаныңа беріп, қалағаныңнан аласың. Өзіңнің билігіңнен басқа кез-келген биліктен мені тәуелсіз ететін мейіріміңді маған төкші.
Алла Елшісі (с.а.у.) Муазға (р.а.) тағы былай айтқан: «Егер сен осы дұғаны оқысаң, сен қарыздарыңнан құтыласың, тіпті егер олар Ухуд тауының көлеміндей болса да». Хафиз әл-Хайтами (рахимахулла) осы хадисті жеткізгендерді сенімді деп санаған, ал ғалым Мунзири (рахимахулла) бұл хадистің иснадын жақсы деп тапқан. Басқа бір хадисте Алла Елшісі (с.а.у.) ұқсас дұғаға Әбу Бәкірді (р.а.) үйреткендігі келтірілген.
Ибн Аби Шейбаның риуаятында Абдулла ибн Сабит Алла Елшісінің (с.а.у.) келесі сөздерді өзі оқып, оған үлкен мән бергендігін келтірген:
اللّٰهُمَّ فارِجَ الهَمِّ كاشِفَ الغَمِّ مُجِيْبَ دَعْوَةِ المُضْطَرِّين، رَحْمٰنَ الدنيا وَالآخِرَة ورَحيمَهُما، اِرْحَمْنِي اليَومَ رَحْمَةً وَاسعَةً تُغْنِيْنِيْ بِها عَنْ رَحْمَةِ مَنْ سِوَاكْ
Аллахумма фариджаль хамми кашифаль гамми муджиба да’уатиль мудтарин, Рахмана д-дунья уаль-ахырати уа Рахимахума ирхамниль йаума Рахматан уаси’атан тугнинибиха ‘ар Рахмати ман сиуак.
3. Әли (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.у.) келесі дұғаны қарыздардан құтылу үшін айтуға кеңес бергенін келтірген:
اللهُمَّ اكْفِنِي بِحَلالِكَ عَنْ حَرامكْ، وَأَغْنِني بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِواك
Аллахумак фини би халялика ан харамик уа агнини би фадликя амман сиуак.
Уа, Алла, маған рұқсат етілген ризық беріп әрі тыйым салынғаннан сақташы. Және де Өз мейіріміңмен Өзіңнің билігіңнен басқаның бәрінен тәуелсіздік сыйлашы.
4. Әбу Даудтың Сунанында жазылған хадисте Әбу Саид (р.а.) Алла Елшісі Мәдине сахабалары - ансарларды үлкен қарыздарын өтеу үшін келесі дұғаны үйреткендігін айтқан:
اللهُمَّ إنّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الهَمِّ والْحَزَن، وأعوذ بك مِنَ الْعَجزِ وَالكَسل، وأغوذ بك من الجُبْنِ والبُخْل، وأعوذ بك مِنْ غَلَبَةِ الدَّين وَقَهْرِ الرجال
Аллахумма инни аузубика миналь хамми уаль-хазан, уа аузубикя миналь-аджзи уаль-касль, уа аузубикя миналь-джубни уа бухль, уа аузубикя мин галябати д-даин уа кахрир-риджаль.
Уа, Алла, уайым мен қиындықтардан Саған сиынамын, қабілетсіздік пен жалқаулықтан Саған сиынамын, қорқақтық пен сараңдықтан Саған сиынамын, қарыздардың көптігінен және басқа адамның жәбірінен Саған сиынамын (Әбу Дәуд, хадис 1550). Бұл дұғаны таңертең және кешке оқыған абзал.
5. Келесі сөздерді жиі айтып жүріңіздер:
لا حول ولا قوة إلا بالله
Лә хауля уа лә куууата иллә биЛЛәһ
Алладан басқа ешкімде күш те, құдірет те жоқ.
6. Қайта-қайта истиғфар (жарылқау тілеу) жасау қаржылық және басқа да мәселелерден құтылуда мықты құрал болып табылады.
Алла Елшісі (с.а.у.) былай айтқан: «Кімде-кім бұлжытпай истиғфарды («Астағфирулла» деген сөздері бар дұғаны) қайталаса, Алла оның әрбір қиындығын жеңілдетіп, кез-келген мазасыздығын сейілтеді және ол білмеген жерден Алла оған несібе нәсіп етеді».
7. Ең бастысы – шынайы ниетте болу. Барлық қарыздарыңды төлеу үшін - бар күш-жігеріңді салуға тырысу қажет. Кімде-кім шынайы түрде қарыздарынан құтылғысы келсе, хадисте оларға Алланың көмегі уәде етілгендігі келтірілген.
Алла Тағала бізді қарыздардан сақтасын. Әмин.