Адамдардың топтарын, болмысын ұзақ жылдар зерттеу арқылы К. Чиполла бүкіл адамды төрт топқа бөлді: аңқаулар, ақылдылар, қарақшылар және ақымақтар. Ақымақтықтың қалай көрінетінін, әрі өзге мен өзіңізге кесірін қалай тигізетінін білгіңіз келсе, оқыңыз.
1ّ) «Мен» ғана бармын
Әңгіме – диалогтан тұрады. Саналы адам әңгіменің мақсаты «ақпарат алмасу» екенін ұғынады. Ал ақымақ адам тек өзі жайлы айтады. Осы жерде Джозеф Аддисонның «Мақтаныш жете ойланбаудан әрі өзін өзі білмеуден болады» деген сөзі есіңе түседі. Адам ішкі қарама-қайшылықтарының кесірінен немесе тым ашықтығынан тек өзі жайлы айтатынын байқамауы мүмкін. Осы қылығыңыздан болып ортаңызда қадіріңіз қашып кетуі мүмкін. Сол үшін бұл әдеттен абай болыңыз.
2. Ол бәрін біледі
Ұлы ойшыл Сократтың өзі «Менің білетінім – менің білмейтінім» деген. Ал көпшілік «Мен бәрін білемін» деген түсінікпен өмір сүреді. Ақымақтықтың бір белгіс – ізденбеу, қабылдамау. Сол үшін де білдім деген кзіңізде біткеніңізді ұғыныңыз.
3. Әңгімелесушіні мүлдем тыңдамайды
Қасындағы адамға әңгіме қызық, қызық емесіне мән бермейтін адамдар болады. Сол адамдарды ақымақтық жанап өтеді екен. Қанша жерден шаршап, жалықса да көңілге қарап отыра беретін де адамдар болады. Сол үшін біреуге ыңғайсыздық тудырмау үшін, бұндай қылықтан ада болыңыз.
4. Ойы мен әрекетіне тым сенімді
Уақытпен таласып ғылым да қарыштап дамып жатыр. 5 жыл бұрыңғы тұжырымдамалар қазір теріске шығып, өзгеруде. Кейбір адамдар бір білген ілімге сүйеніп ұзақ уақыт жүруі мүмкін. Ойы мен әрекетіне тым сенімді адамдар болады. Ол – ақымақтық. Дүниеде абсолюттіліктің жоқ екенін ұғынған адам мұндай ақымақтықтан қаша алады.
5. Өмірді ақ пен қараға бөледі
Белгілі бір дүниені түгелдей жақсы немесе түгелдей жаман деп ойлау да – ақымақтық екен. Таяқтың екі ұшының болатыны рас, бірақта екі ұшын қосатын ұзындығы мен ені де болады. Ақымақтыққа бой алдырмас үшін, терең көзқараспен қарап үйрену керек екен.
6. Тұрақсыз
Тұрақсыздықтан қаншама адам зардап шегіп жатады. Әсіресе, ойдың тұрақсыздығы қанша жанның түбінге жетті. Тұрақсыз адам жолдан тез адасады. Әрі, ондай адамның бағыты болмайды. Басы ауған жолмен жүре беретін адам ақымақтыққа жолығып қалуы әбден мүмкін.
Адамдарды ақыл және ақымақ деп бөлу де – үлкен қателік. Бұл жазбаның мақсаты біз мән бере бермейтін істерді көрсету ғана екенін еске сала кетейін.