Садақаның пайдасы жайында бірер сөз
Садақаның пайдасы жайында бірер сөз
4 жыл бұрын 10546

Бисмилләһир рахманир рахим

Садақаның пайдасы орасаң зор. Садақа – береке әкеледі, өмірін ұзартады, жамандықтарды бейтарап етеді т.б.

Садақа жетпіс түрлі жамандықтың есігін жабады делінеді. Сахаба Әбу Зәр әл-Ғифәриден жеткен бір риуаятта:

«Жетпіс шайтанның жағын (азғыруын) бейтарап етпейтін садақа жоқ»[1].

Табиғин Қатада былай деген:

«Су қалайша отты өшіретін болса, садақа да қателіктерді өшіреді деп бізге айтылды».

 Аъмаштан жеткен риуаятта, сахаба Ади бин Хәтим (р.а.) Алла елшісінің былай дегенін риуаят еткен:

«Рабысы (тікелей) тіл қатпайтын сендерден ешкім жоқ (бәріне тіл қатады). Сонда оның оң жағына қарайды. Оң жағында тек әзірлеген амалын ғана көреді. Сол жағына қарайды ол жақта да тек әзірлеген амалы бар. Кейін алдына қарайды. Алдында тек тозақ отын көреді. Ендеше, жарты құрмамен болса да тозақтан сақтаныңдар»[2].

Ғұлама Әбу Ләйс ас-Самарқанди былай деген:

«Мына төрт ерекшелік пендені жақсылардың қатарына қосып, биік дәрежелерге көтереді:

1) Көп садақа беру.

2) Көп Құран оқу.

3) Ақыретті еске салатын және дүниеге берілмеуді еске салатындармен мәжілістес болу.

4) Туыстық байланыс.

5) Сырқаттың көңілін сұрап бару.

6) Байлықтары ақыреттерін ұмыттырған байлармен аз араласу.

7) Ертеңгі жағдайы жайында пікірлеу.

8) Өлімді көп еске алу.

9) Көбіне үндемей, сөйлесе де аз сөйлеу.

10) Қарапайымдылық. Кедейлерді жақсы көру және олармен аралас-құралас болу. Жетімдер мен міскіндерге жақын болу. Жетімдердің басынан сипау».

Айтылғандарға қарағанда жеті қасиет садақаның берекесін арттырып, оны ұлықтатады:

1) Садақаны халал дүниеден беру.

2) Дүниесі аз болса да одан жырып садақа беру.

3) Жоғалып кетпес үшін садақаны беруге асығу.

4) Сараңдықтан қорқып, мал-дүниесінің ең жақсысынан беру.

5) Риядан қорқып, садақаны жасырын беру.

6) Сауабының жоғалып кетуінен қорқып, міндетсінуден ұзақ тұру.

7) Садақаға ауыр сөздерді араластырмау.

 islam.kz


[1] Ұқсас риуаяттар: Имам Бәйһақи: «Шуъабуль Иман», әл-Хәким: «Мүстәдрак», ат-Табарани: «әл-Аусат» т.б.
[2] Ұқсас риуат "Сахих Бұхариде" келтірілген.

0 пікір